Мектептің дайындығы қаралуда

0 236

Аудан әкімі Сәкен Арубаев жұмыс сапарымен Бектөбе ауылындағы білім ордасының жай-күйін көрді. Мектеп жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары мен қысқа дайындығын қарап шықты.
Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Invest Kapatal Stroy» жауапкершілігі шектеулі серіктесті өкілінің айтуынша, мектептің күрделі жұмысына 112 миллион теңге бөлінген. Бұл қаржыға мектептің шатыры, ішкі әрлеу, еден, жылу, кәріз, электр жүйелері мен сыртқы келбеті ретке келтірілуде. Нысан мерзімінде берілетінін жеткізді.
Бөлмелердегі құрылыс жұмыстарын аралаған Сәкен Қаланұлы:
– Оқушылар бірінші қыркүйекті білім ордасында өткізеді. Сондықтан құрылысты мерзімінде аяқтаудың маңызы зор. Жұмысшы күшін көбейту керек. Мерзімінен қалып келесіздер, – деген аудан басшысы жуық күндері қайта тексеретін айтты.
Жалпы өңірде биыл 6 мектеп күрделі жөндеуден өткізілуде. Олардың құрылыс жұмысына 590 миллион теңге бөлінген. Оның 4-еуіне «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 309 млн теңге, 2-еуіне облыстық бюджеттен 281 млн теңге қарастырылған.
Бұдан бөлек 12 мектепке ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 113 млн 438 мың теңге аударылған. Бұл туралы облыс әкімдігі білім басқармасының аудандық білім бөлімінің инженер-құрылысшысы Бақытжан Шабанбаев айты.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.