Басты мақсат – жұмыссыздықты жою

0 239

Т.Рысқұлов ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жүйелі жүзеге асуда. Аталған бағдарламаның І бағыты аясында «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді оқумен қамтамасыз ету» бойынша 50 адамды ағымдағы жылы кәсіби даярлау оқытудан өткізу жоспарланып, ол үшін қазына қаржысынан 11267,0 мың теңге қаражат бөлініпті. Бүгінде ол қаражаттың 4000,2 мың теңгесі игерілген екен. Қазіргі таңда аталған 50тұрғын дәнекерлеуші, аспазшы, тракторист, автослесарь секілді мамандықтар бойынша оқып жатқан көрінеді.

Бағдарламаның ІІ бағыты – «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 94 азаматқа несие беру көзделсе, кәсіпкерлік негіздері бойынша 240 тұрғынды оқыту жоспарланып, барлығы 1340 адамға жолдама беріліпті. Бүгінгі күнге 173 адам оқуға жолданып, 113 адам қолына сертификат алған екен. Жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 200 азаматқа 116680,0 мың теңге мемлекеттік грант беру жоспарланып, бүгінде оның 200-іне (91-і жастар) 116680,0 мың теңге қайтарымсыз грант берілген. Ал микрокредиттік ұйымдар арқылы 98 адамға 377,8 миллион теңге несие берілсе, оның ішінде 16 адам 64,5 миллион теңге қайта қаржыландыру арқылы, 82 адам «Еңбек» бағдарламасының ағымдағы жылы бөлінген қаражаты есебінен 313,3 миллион теңге алған.

         Бағдарламаның ІІІ бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында ағымдағы жылы «Жастар практикасымен» 100 жас маманды жұмысқа жіберу жоспарланып, ол үшін бөлінген 43755,0 мың теңге қаражаттың 14000,2 мың теңгесі игеріліпті. Қазір жұмыс берушілерден жұмыс орындарына өтінімдер жинақталып, 60 жас түлек жұмысқа жіберіліпті. Әлеуметтік жұмыс орындарына 60 азаматқа 18860,0 мың теңге қаражат бөлініп, оның 8000,0 мың теңгесі игерілген. Бүгінгі күнге 91 азамат әлеуметтік жұмысқа жолданған. Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 440003,0 мың теңге қаражат бөлініп, игерілген сома 146000,0 мың теңгені құраған. Ақылы қоғамдық жұмыс бойынша 698 азамат жұмыспен қамтылады деп жоспарланса, оның ішінде 662 адам жұмысқа орналасқан.Тұрақты жұмыс орындарына 839 адам жолданыпты.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 1756 отбасына беріледі деп екшеліп, бүгінгі күнге 970 отбасынан өтініштер қабылданыпты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.