Шұғыл топты ауыл әкімдері бастап жүр

0 529

Ерназар ауылдық округінің әкімі Қайрат Әділов аймақта короновирустық инфекцияның күрделі жағдайын ескере отырып, аты жаман індетті алдын алу мақсатында құрылған шұғыл топ мүшелерін өзі бастап, ауылдағы халық көп шоғырланған орындарға барып, тұрғындармен жолығуда

Оларға елдің саулығы — ұлттың ертеңгі жарқын болашағы екенін айтып түсіндірді.

— Қаншама жақындарымыз мына дерттің торына түсіп, ажал құшты. Адамға оның өмірінен құнды нәрсе жоқ. Біз ең алдымен отбасымызды ойлауымыз керек. Дүниеге дүрбелең орнатқан індет күннен күнге ушығып барады. Оған мына біздердің сақтық шараларын елемей, сарапшылардың талаптарына атүсті қарап, той-томалақ өткізгеніміз себеп болып отыр. Бір тойға барған адам қаншама адамның өмірін қатерге тігіп отыр. Сондықтан үйдегі қымбат жандарды ойлайық, бауырлар, -дейді округ әкімі жолыққан тұрғындарға.

Шұғыл топ мүшелері ауылдағы дүкендерде болып, антисептик сұйықтығын тексеріп, бетпердессіз тұтынушыларды қабылдамау керектігін кәсіпкерлік нысан иесіне жеткізді.

Сондай-ақ мешітте күніне 5 мәрте дауыс ұлғайтқыштың көмегімен індет талаптары хабарлануда.
Айта кетейік, өткен жолғы аппараттық кеңесте аудан әкімі Сәкен Арубаев барлық округ әкімдеріне шұғыл топты өздері бастап, рейд жұмыстарын үйлестіріп, халыққа жағдайды түсінікті түрде жеткізу керектігін тапсырған болатын.

Ақжігіт Жетпісбай
Жамбыл ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.