10 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды

0 212

Соңғы 16 жылдан бері  Жамбыл облысында 10 мыңнан астам жас «Jasyl el» еңбек жасақтарында еңбек еткен. Бір-екі жылдан бері еңбек жасағының қатарын NEET жастардың есебінен толықтыру дәстүрі қалыптасты. Қазір «Jasyl el» құрамында 700-ге жуық жас еңбек етіп жатыр. Жыл соңына дейін олардың санын мыңға жететін болады. Осылайша бұл бағдарлама жамбылдық жастардың екі қолға бір күрек табуына жол ашты.

˗ Жасақ арқылы жұмыспен қамтылған әрбір жасқа 42 500-60 мың теңгенің көлемінде айлық жалақы төленеді. Олар қала аумағындағы көгалдандыру, көгеріштендіру жұмыстарымен бірге шаһар аумағындағы су жүйелерін тазарту жұмыстарына да атсалысады. «Жасылелдіктердің» қатарында жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттерімен бірге жұмыссыз жастар да бар. Бұған дейін еңбек жасақтарында студенттер тек жаз айларында ғана қызмет жасайтын болса «Jasyl el» қатарына жұмыссыз жастарды тарту арқылы жасақ қызметін жыл бойы ұйымдастыруға қол жеткіздік, ˗ дейді жасақ жетекшісі Мейіржан Ермек.

Жастар еңбек жасағының құрамында қызмет жасап, жазғы демалысын пайдалы өткізген жастың бірі – Маржан Дүйсен. Ол өзінің еңбек жасағы қыздырған еңбек дүбіріне араласқанын мәртебе санайды.

– Биыл Талас ауданындағы №2 Қаратау колледжін «Аспаз» мамандығы бойынша тәмамдадым. Қолға диплом алған соң қайта жұмыс істеймін деп жүргенімде «Jasyl el» еңбек жасағының жаңа маусымға дайындалып жатқаны туралы хабарламаны көзім шалып қалды. Сіңілім Айдана екеуіміз ойланбастан «Jasyl el» еңбек жасағының тізімге жазылдық. Қазіргі таңда Тараз қаласындағы 7-ықшамауданындағы каналls тазалау жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Ұлдар қамыс орумен айналысса, біз орылған қамысты жинаймыз. Ай сайын 60 мың теңге көлемінде еңбекақы аламыз. Осылайша жазғы демалысты жұмыс істеп қана қоймай жаңа достар да таптық. Ең бастысы күн сайын сән-салтанаты жарасқан қаланың көркеюіне өз үлесімізді қосқанымыз қуантады, – дейді  «Jasyl el» жауынгері Маржан Дүйсен.

Айта кету керек студент жастарды жұмыспен қамтудың баламасы жоқ бағдарламасына айналған «Jasyl el»  осыдан тура 16 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырыла бастады. Бағдарлама жастарды жұмыспен қамтып қана қоймай олардытабиғатты қорғауға шақырып,  экологиялық мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік беріп келеді.

Алдағы уақытта облыс әкімдігі тарапынан еңбек жасағының  жауынгерлерін жатақханамен қамтамыз ету, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселесіне басымдық берілееді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.