Жаңа ректор тағайындалды

0 271

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Жиын барысында министр ұжымға университеттің жаңа ректоры Талғат Ешенқұловты таныстырып,

оның білім беру саласындағы мол тәжірибесіне иек артып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаетың міндеттемелерін ұжыммен бірге орындайтынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Талғат Ешенқұлов университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында стратегиялық міндеттерді шешуге бар күшін салатынын айтты. Асхат Аймағамбетов бұған дейін университет ректоры қызметін атқарған Махметғали Сарыбековке жемісті жұмысы үшін алғысын білдіріп, оның білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесін тілге тиек етті.

– Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен біліктігі сай болса болашағымыз бұұлыңғыр болмайды. Жұрт ұстаздар қауымына үлкен үмітпен қарайды. Себебі ұстаздар өз білім-білігін Отанымыздың болашағы үшін еңбек ететін ұрпаққа жұмсап, олардың лайықты тәрбие мен білім алуы жолында бар күш-жігерін арнайды. Сондықтан да жаңадан тағайындалып отырған ректорға өте маңызды міндет — жоғары білікті мамандарды даярлау ісітапсырылып отыр, — деді облыс әкімі жиын барысында.

Кездесуде білім сапасы, дуальды оқыту, түлектермен байланыс, ғылыми жобаларды дайындауға қатысты мәселелер ісі де тақырыптан шет қалмады.

Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов пен Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы мектеп директорларымен де жүздесті. Облыс әкімі жыл сайын өңірде жаңа мектептер пайдалануға беріліп, тозығы жеткендері күрделі жөндеуден өтіп жатқандығын сһөз арасына қосты. Жаңа оқу жылының дәстүрлі форматта басталу мүмкіндігін ескере отырып, Президент тапсырмасына сәйкес мектептердің балаларды қабылдауға дайындығы пысықталып жатқанын тілге тиек етті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес білім саласында қолға алынған реформалар өз жалғасын табатын болады. Осы бағытта бұл өңірде де ауқымды жұмыстар жүргізілуде. PISA (математикалық сауаттылық деңгейін бағалау), TIMSS (математикалық және жаратылыстану ғылымдарының сапасын зерттеу) халықаралық зерттеулерінің талдауы облыстың жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгенін көрсетіп отыр. бізді өңірдің осындай жетістіктері қуантады, – деді Асхат Аймағамбетов.

Облыс әкімі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мектептерде бақылау камералары орнату, ғимарат ішіне санитарлық тораптар орнату, мектептерді кезең-кезеңімен авариялық дабыл түймелерімен, турникеттермен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын, камералар облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығымен интеграцияланатынын, баланың деректері енгізілген әлеуметтік карталар ашылып жатқанын сөз етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.