Таластың төрт ауылдық округінде сайлау өтуде

0 141

Көптен күткен еліміздегі саяси дода, жаһанданудың жаңа жолына жеткізер ауыл әкімдерінің сайлауы да келіп жетті.  Тарихы қашалып жазылған тасына тамыр біткен — Ұлы даланың төсіндегі тұлпарларының тізгінін ұстар  азаматтар әр істе тағаға қағылар шегедей берік бастамаларды жасауға мүмкіндігі мол. Бұған дейін ауыл әкімдері жанама дауыс беру арқылы, яғни жергілікті мәслихат депуттарының шешімі арқылы сайланып келген. Бұл жолы жұрт болып жұмылып дауыс берген ауыл әкімдерінің сайлауы жоғарғы деңгейде ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, ауданның «Партиялық емес бақылау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің тәуелсіз байқаушылары да сайлау барысын қалт жібермей қадағалап отыр.  Еркін қазақ елі еңсесін тіктегелі алғаш рет халықтың тікелей дауыс беруімен сайланатын ауыл әкімдері ауылдың жағдайын жақсарту жолында еңбек етеді деп ойлаймыз.

Талас ауданында төрт ауылдық округ бойынша-Бостандық, Аққұм, Ойық және Қызыләуітте әкім сайлауы өтіп жатыр. Мұнда саяси партиялар да белсенділігін танытуда. Мәселен, Nur Otan партиясы-3, «Қазақстан халық партиясы»-3, «Ақ жол» партиясы-2 үміткерін ұсынса, 4 адам өзін-өзі ұсынды. Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адамнан айналып отыр. Жалпы тіркелген 12 кандидаттың оны ер, екеуі әйел кісі. 11 адам мемлекеттік қызметкер болса, 1 адам мәдениет саласының қызметкері. Жас ерекшеліктері бойынша орташа 39 жасты құрап отыр. 4 ауылдық округ әкімдерінің сайлауына 8 елді мекен бойынша 8669 тұрғының 3802-і сайлау құқығына ие. Күнтізбелік жоспарға сәйкес сайлаушылар тізімі учаскелік сайлау комиссиясының төрағаларына акт бойынша берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.