Бітер істің басына – жақсы келер қасына

0 545

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының және Жамбыл облысы әкімі Б.Сапарбаевтың білім саласы қызметкерлерімен өткізген кездесуіндегі тапсырмасы бойынша «Түлек KZ» сайты ашылды.

Сол сайтқа мектеп бітірген түлектердің деректер базасы жасалып, түлектерді мектепте өтетін іс-шараға қатыстыру жұмыстары жоспарланған, осыған орай түлектерді туған мектептеріне құрмет көрсетуін қамтамасыз ететін шаралардың бірі «Мектепке тағзым» атты акциясы жүргізіліп, онлайн түрде Whatsapp желісі арқылы акцияның мақсаты түлектерге жіберіліп, онда туған жеріне, білім алған мектептеріне құрмет көрсетуге шақыру, оқушыларға өз мектептерін бітірген танымал түлектердің табысты өмір жолын үлгі ету екені жазылған. Мектеп оқушыларына өз өмірлеріндегі табысқа жету жолдары туралы, тағылымдық-тәрбиелік мәні бар, жас ұрпаққа үлгі боларлық кездесулер өткізу болатын. Осындай бір жақсы іс Әйтеке би атындағы орта мектепте де орын алып отырғаны туралы мақтанышпен айтқым келеді.

Соның айғағы аудан, облыс, республика көлеміне танымал 20 жылдан астам еңбек өтілі бар мектептің педагог-психологы Аманғали Икежановтың ұйымдастыруымен өзінің бірге оқыған сыныптастары, 1995 жылғы мектеп түлектеріне мектептің ішкі безендіру жұмыстарына қамқорлық жасауға үндеу жасаған болатын. Мектепке жаңа үлгідегі заманауи 7 түрлі қабырға стендтерін 109 мың теңгеге жасатып, мектепке тарту етті. «Бітер істің басына- жақсы келер қасына»-деген асыл сөздің айғағы осы емес пе?

Жұмакүл Абилова,

Әйтеке би атындағы орта мектептің әлеуметтік педагогы

Leave A Reply

Your email address will not be published.