ЖАС ӘКІМНІҢ ІСІНЕ СӘТТІЛІК.
Бүгін Сарысу ауданының төл тумасы , жас әкім Марат Қырғызәліұлының шақыруымен қабылдауында болдым.
Қызметке келгелі бері ауданның жас — кәрілерімен үнемі кездесіп, ауыл аймақтағы тыныс тіршілікті де тұрғындар пікірімен санаса отырып саралап, көп көкейіне ұялаған мәселелерді әкімнің өз аузынан естіп, ауданның бүгінгі науқандар кезіндегі әлеуметтік, экономикалық жағдайына қанық болдым.
Жуырдағы облыс әкімі Б.Сапарбаевтың үстіміздегі құрғақшылық жылындағы аудан,ауылдарды мал азығымен қамту бағытындағы Үндеуіне үн қосқан сарысулықтардың еңбек үрдісінен де хабардар етті.
Ауданның шөпші- механизаторлары жаздың әр күнін тиімді пайдалана отырып ,төменгі Шу,Талас, Жайылма өңірінен мал азығын дайындап оны тұрғындарға қол жетімді бағамен сатылатынын білдірді.
Іс басында әкім орынбасары Олжас Көкейдің өзі жүргенін ұқтық.
Көңіл жайланды.
Аудан басшысы әсіресе байырғы ардагерлермен жиі кездесіп, ақылдасып отыратыны қуантты.
Биязы, іскер,пайымды әкіммен болған кездесуде облыстағы кадр саясатындағы білгірлік ахуалы қалыптасып отырғанын көкейге түйдік.
Марат Қырғызәліұлының ашық, жарқын әңгімесіне шын ниетімнен пейіл білдіріп, табыс тілеп қоштастым.
Әкімге аз еңбекті көп бағалап тапсырған марапатына алғыс білдірдім.
Жас келсе іске, Марат інім !
Бергентай Нұрмаханов