Көшпелі қабылдау Өрнек ауылында жалғасуда

0 200

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру, азаматтардың нақты мәселелерін шешуге және заңдылық пен құқық халықпен тікелей байланысты орнату және нығайту мақсатында аудан әкімі Сәкен Арубаев бастаған көшпелі қоғамдық қабылдау тобы қазір Өрнек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, олардың талап-тілегін назарға алды.

Ауыл тұрғындарының мәселелерін анықтау және заңнама нормаларын түсіндіру бойынша көшпелі қоғамдық қабылдау жұмысына аудан прокуроры Қайыржан Қуатбеков, аудандық полиция бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, жер қатынастары, ауыл шаруашылық, экономика және бюджеттік жоспарлау, тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшылыры мен мамандары қатысып, жергілікті атқарушы орган өкілдерімен кездесуге келген барлық азаматтарды қабылдады.

Көшпелі қоғамдық қабылдаудың нәтижесінде барлығы 13 ауыл тұрғыны келді. Жалпы сұрақтар кәсіпкерлікпен айналысу жолдары, бос жұмыс орындары, жер-су, жол мәселесінің айналасында болуда

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.