САУАТ АШУ МЕКТЕБІНДЕ
Т.Рысқұлов ауданындағы Жаңатұрмыс ауылындағы «Қожай ата» мешітінің жанынан осыдан екі апта бұрын сауат ашу мектебі ашылып, жұмыс істей бастады.
Қазір Имандылық иірімдері САУАТ АШУ МЕКТЕБІНДЕ онда 45 бала «Мұғалім сағи», «Тажуид ережелері», «Ислам ғибадаттары» бойынша дәріс алып, арабша хат тануға ден қойды.
Балалар өздерінің жазғы демалысын пайдаланып, енді үш ай бойы мұсылманша әліпби негіздерінен сабақ алады. Шәкірттерге облыс орталығындағы «Хибатулла Тарази» медресесінің үшінші курсында оқитын тәлімгер Ернұр Аманов сабақ оқытады. Ауыл имамы Жанболат Сағынұлының айтуына қарағанда ұстазға осы ауылдың кәсіпкер азаматы Б.Теңізбаев ай сайын оның жалақысын төлеп тұрады екен. Ол сонымен қатар үлгерімі жақсы сауаташушыларға оқу курсы аяқталған соң, сыйлықтар беруді де өз мойнына алған.