ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАНДЫ

0 362

Т.Рысқұлов ауданында жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 3 пробация қызметі есебінде есепте тұрған азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің «2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды  жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2021 жылдың 26 ақпандағы Т.Рысқұлов аудан әкімінің №66 қаулысы бекітілген. Аталған қаулыны орындау мақсатында 2 жұмыс берушіге, атап айтқанда «Нұрбол» және «Мақсат» шаруа қожалықтарына квота белгіленген. Бүгінгі күнде бекітілген квотаға 1 пробация қызметі есебінде тұрған 1 түзеу мекемесінен босатылған азаматтарды жұмысқа орналастырып, бекітілген квота толығымен орындалған.

Аудандық пробация қызметінде есепте тұрған және түзеу мекемесінен босатылған 23 азамат ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды. Пробация қызметі есебінде тұрған 2 азамат «Халықты жұмыспен қамту орталдығы» арқылы тұрақты жұмысқа жолданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.