Таразда «Foodfest-Taraz» фестивалі ұйымдастырылды

0 249

Fastfood жылдам тайындалатын әрі әлемде кең таралған тағам. Оның пайда болу тарихына үңілсек, 1920 жылдары фастфуд тағамын ең бірінші америкалықтар тұтынған екен. 1921 жылы Канзаста «White Castle» атты компания ашылып, алғашқылардың бірі болып гамбургер дайындап, жергілікті тұрғындарды қамтамасыз ете бастаған. Бұл компания сол елге саяхаттап келушілерді де гамбургердің бағасының қолжетімділігімен әрі жылдам дайындалатын ас ретінде және ерекше дәмділігімен баурап алады. Десе де 1940 жылдардың соңында «White Castle «компаниясының мықты бәсекелесі болып «McDonald’s» компаниясы гамбургер дайындай бастайды. Сол жылдан бастап «McDonald’s «компаниясы алпауыт компаниялардың бірі болып танылады. Тоқ етерін айтқанда, аталған тағам біртін-біртін әлемнің барлық еліне тарала бастайды. Бүгінде Foodfest тараздықтарға да таңсық емес. Тіпті облыстың бас шаһарында жақында «Foodfest-Taraz» фестивалі ұйымдастырылды. Аталған фестивалідің жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Бердібек Машбекұлы мемлекет өз ісін жаңа бастаған кез келген кәсіпкерге барынша қолдау көрсететінін тілге тиек етті.

Жалпы бұл фестиваль әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту аясында Тараз қаласының әкімдігі мен Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырғанын айта кетуіміз керек. Оған «Бастау Бизнес» жобасы аясында өз кәсібін ашу үшін 580 мың теңге көлеміндегі грантқа ие болған 24 аспаз қатысқан еді. Олар түрік, өзбек, қазақ және дүнген ұлттық тағамдарын дайындау шеберлігі бойынша сынға түсті.

Байқау қорытындысы бойынша «Жеңіс» саябағында ұлттық тағамдар көрмесі мен марапаттау рәсімі өтіп, аймақ басшысы фестивальдің негізі мақсаттарының бірі кәсіпкер көп балалы аналарды қолдау және ұлтаралық бірлікті нығайту екендігін е тоқталды.

– Облысымызда 80-нен астам этнос өкілдері тұрады. Оларға өз тілдерін, әдеп-ғұрпы мен салтын, тарихын және мәдени, тұрмыстық және аспаздық дәстүрлерін сақтап, дамытуға барлық мүмкіндік қарастырылған. Әр асүйдің өз шебері болады. Бұған біз фестиваль барысында көз жеткіздік. Барлық қатысушылар жоғары біліктіліктерін көрсетіп, дәмді тағам-өнімдерін дайындай білді. Фестиваль көпбалалы аналарға өз шеберліктерін көрсетуге тамаша мүмкіндік сыйласа, бұл өз кезегінде бизнесті дамытуға да серпін береді. Біз бұл игі шараны болашақта да жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Облыс саябақтарында мұндай іс-шаралар жиі өткені дұрыс. Коронавирустық пандемия көптеген кәсіп түрлеріне, солардың ішінде әсіресе қоғамдық тамақтану саласына да кері әсер еткені сөзсіз. Қазір ахуалдың жақсарып келе жатқаны қуантады, ал кәсіпкерлер осындай қиын кезеңде де бір-бірін қолдауға дайын, — деді Б.Сапарбаев.

Өз сөзінде аймақ басшысы колледж оқушыларының фестиваль жұмысына қосқан үлесін айрықша атап өтті.

– Балалардың бастамаларын қолдаған дұрыс. Олар өздерін жақсы жағынан көрсете білді. Оқуды аяқтағаннан кейін олар өз бизнесін дамытуға гранттар алуы керек. Міне, кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту деген осы, – деді облыс әкімі.

Фестифальде Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, Тараз сервис және технологиялар колледжі және Тараз теміржол көлігі және коммуникациялар колледжінің студенттері де өздері дайындаған тағам түрлерін ұсынған болатын. Жиын соңында өз кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлер ұйымдасытырушылар тарапынан тұрмыстық техникаларға ие болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.