Кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп келеді
Кәсіпкерлік саласы кәсіпкерден қажырлы қимылды, тынымсыз ізденіс пен табандылықты талап етеді. Өйткені бүгінде нарық айдынында бәсекелестікке төтеп беру қиынның-қиыны екені анық.
Тұтынушыға ұсынылып отырған қызмет түрі болсын, тауар болсын сапалық сыннан сүрінбей өтіп, биік үрдістен көрінбесе, кәсібіңіз тұралап, бастаған ісіңіз еш пайда әкелмесі анық. Сондықтан да, уақытпен санаспай қажырлы еңбек етуіңіз керек. Әрдайым осыны естен шығармайтын тіс дәрігері кәсібін кеңейтіп, жаңа құрал-жабдықтар алуды ойластырады. Әрине, оның барлығы қаржыға келіп тірелетіні бәрімізге аян. Бұл ретте «OMAR DENT» деп аталатын жеке кәсіпкер Нұрсәуле Саруарға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жамбыл филиалы көмекке келді. Қордан 4 млн. теңге жеңілдетілген несие алып, өзіне қажетті құрал-жабдықтарға қол жеткізді. Соның арқасында бүгінгі күні тұрғындарға көрсететін қызмет түрі де артқан.
Елімізде соңғы уақытта шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлініп, түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Мен ойға алған жоспарды жүзеге асыруға осындай бағдарламалардың бірінің септігі тиді. Соның арқасында жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, емханаға қажетті стоматологиялық құралдардарды сатып алдым. Бұл біз сияқты жандарға үлкен көмек, – деген оның кәсіпкерлікке мол мүмкіндік пен зор қолдау жасаған Елбасына айтар алғысы шексіз.
Біз өз кезегімізде мемлекеттік қолдаудан қапы қалмай істің көзін тапқан Нұрсәуле Саруардың ісіне тек сәттілік тілейміз!
Айта кетейік, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры кәсіппен айналысамын дегендерге 5 жылға 6 пайызбен, көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелеріне 4 пайызбен 6 млн. теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі тағы бар – дейді несие менеджері Жансері Оразбай.