Кәсіпкерлерге көрсетілер қолдау көп
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында: «Кәсіпкерлікке қолдау көрсеткенде орта бизнеске де ерекше назар аудару керек. Өйткені нарықта табысты болудың негізгі көрсеткіші орта бизнестің өркендеуімен өлшенеді», – деген болатын.
Бүгінде мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге жасалып жатқан қолдау түрлері көп. Тіпті оларға заңдық тұрғыда кеңес беріліп, салаға қатысты қабылданған бағдарламалар мен жобалар жайлы ақпарат беріліп, құжаттарын кедергісіз рәсімдеуіне, жеңілдетілген несие алуына барлық жағдай жасалған. Мәселен «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының базасынан ашылған «Бизнеске арналған Үкімет» орталығы кәсіпкерге деген үлкен қамқорлық белгісі. Облыс әкімінің бастамасымен ашылған орталықта жыл басынан бері 1 850 қызмет көрсетіліпті. Олар өз қызметін «Бір терезе» қағидатына сай ұсынады. Мұнда қызмет алушылар үшін облыстық кәсіпкерлік палатасының, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының, «Тараз», «Атамекен» шағын қаржы ұйымдарының, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясының, екінші деңгейлі банк менеджерлері, кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша сарапшылық топтың өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері тұрақты түрде қызмет көрсетіп отыр.
Орталық директоры Ғабит Әзімханның мұндағы бизнеске арналған мемлекеттік қызметтің сан түрін ұсыну, кеңестер беру, бизнес-жобаларды кәсіби сүйемелдеу негізгі бағыттардың бірі екенін айтады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бизнестің дамуына кедергілерді азайту шараларын қолға алуды тапсырған болатын. Бұл бағытта бизнеске қатысты барлық саланың жұмысы өзара үйлесу керек. Өз кезегінде, орталық осы үйлестіру жұмыстарын өз деңгейінде жүргізіп жатыр деуге толық негіз бар. Мұндағы қызметкерлер бірлесіп кәсіпкерлердің өзекті мәселелерді шешіп, өңір тұрғындарына мемлекеттік қолдау шараларын да түсіндіруде. Сондай-ақ қайтарымсыз гранттар мен шағын несие беруде тиімді кеңестер беруде, – дейді Ғабит Ғаниұлы.
Аталған орталықта алыс ауылдан, аудандардан келетін кәсіпкерлерде жетерлік. «Бизнеске арналған Үкімет» Фронт кеңсесіне қайырылып, ондағы мамандардың көмегіне ие болғандардың жаслған жаңа жүйеге разылығы шексіз. Осындағы мамандар арқылы Тараз» микроқаржы ұйымынан 7,5 миллион теңге несиеге алып, өз кәсібі аясын кеңейткендер де баршылық. Өз кезегінде мұндай қолдау өңір экономикасының өркен жаюуына септігін тигізері хақ.