Маңызды саланың бірі – мәдениет

0 317

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жол­дауында мәдениет саласына баса тоқталған еді. Презитен биыл елімізде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы кең көлемде атап өтілетінін, жалпы елдік деңгейдегі мәдени іс-шаралардың басы-қасында мәдени қызметкерлер жүретінін, оларға бүгінде лайықты көңіл бөлінбей отырғанын сөз етіп, ең алдымен кітапхана, музей, театр секілді мәдени сала қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру туралы өз шешімін айтқан еді.

Жалпы Сарысу ауданының әлеуметтік-мәдени саласы жылдан-жылға жақсарып келе жатқаны тәуелсіздіктің тәтті жемісінің бірі. Мұндағы мектептер, мәдениет үйлердің саны тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде айтарлықтай көбейді. Қазақстанның егемендік алуымен, тәуелсіздікке қол жеткізуімен бірге өсіп-өркендеп келе жатқан аудан аумағында қазіргі таңда 2 мәдениет үйі, 17 ауылдық клуб, 26 кітапхана, жалпы 45 мәдени нысан халыққа мәдени және рухани тұрғыда қызмет көрсету үстінде. Осы жылдың 4 айында мәдениет саласында барлығы 9 мыңнан астам адам қатысқан 600-ге жуық мәдени іс-шаралар өткізіліпті. Өз кезегінде бұл игі шаралар халықты рухани байытуға септігін тигізіп тұр.

Биыл Саудакент ауылдық мәдениет үйіне 16,7 миллион теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары және Қамқалы ауылдық клубқа 11 миллион теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін осы нысан жұмыстары аяқталады деп күтілуде.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуы қарсаңында еліміздегі білім саласы да қарыштап дамуда. 1991 – 2021 жылдар аралығында білім саласында бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, Сарысу ауданының білім беру жүйесінде жалпы білім беретін 27 мектеп, 9 қосымша білім беру мекемелері, 11 балабақша, 14 шағын орталық және 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті бар. 2020-2021 оқу жылы 556 сыныптағы 9200 оқушымен басталып, өткен оқу жылымен салыстырғанда жалпы оқушылар саны 330 оқушыға артқан.

Мұндағы спорт саласы да дамудың даңғыл жолында. Ауданда жалпы 184 спорт нысандары бар болса, оның ішінде жеке меншік стадион – 1, спорт кешені – 2, спорт алаңшалары – 110, футбол алаңдары – 28, спорт залдары – 43. Жыл басынан бері өткен республикалық, облыстық және аудандық жарыстарда аудан спортшыларының барлығы 145 медальға ие болуы да үлкен жетістік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.