Қоршаған ортаны қорғау – парыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қыркүйек айында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе екенін абаса айтқан еді. Сонымен қатар Президентіміз бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысып отырғанын, сондықтан мұндай жаппай үрдістен қазақ елінің де шет қалуына болмайтындығын аталған Жолдауда атап көрсеткен еді.
Бүгінде Жолдау жүктеген міндет аясында аймақтың экологиялық ахуалын жақсарту бағытында Жамбыл облысы экология департаменті тарапынан атқарылып жатқан шаруа аз емес. Өйткені ең басты мақсат – қоршаған ортаның халықтың тұрмыс тіршілігіне қолайлы әрі сапалы болуын қадағада ұстау. Соның ішінде тек өңір өндірісінен және тұрмыстық шаруашылық объектілерінен шыққан лас сулардың қоршаған түсіріп отырған ортаға салмағын сөз етсек, биыл өндіріс орнынан 37,004 миллион текше метр лас су шығарылыпты. Ал былтыр 35,9 миллион текшеметрді су шығарылған. Экологиялық ретту және бақылау комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Марат Құрманбаевтың айтуынша, лас су көлемнің көбеюі «Арай», «Арай-2» және «Байтерек» шағын аудандарынан қосылған тұрмыстық шаруашылық лас сулары есебінен болып отыр екен.
– Аймақтағы қоршаған ортаға өндірістік қалдықтардан түсіп отырған салмаққа талдау жасайтын болсақ, бүгінгі күні өндірістік қалдықтардың жинақталу көлемі 196, 848 миллион тоннаны құрап отыр. Осы көлемнің ішінде 11, 317 миллион тонна техногендік минералды түзілімдерді құрайды (тау-кең өндірісінен «Алтыналмас» және «Казфосфат» ГПК Каратау, Шолақтау). Өндіріс орындарынан радиоактивті қалдықтар түзілмеген.
Жоғарыда аталған қалдықтардың түрлері қалдықтар класссификаторларына сәйкес, «Жасыл тізімге» еңгізілген, яғни экологиялық жағынан қауіпсіз қалдықтар қатарына жатқызылады.
Осы ретте аймақта өткен былтыр алдыңғы жылмен салыстырғандағы өндірістен құралған қалдықтар көлемі 1945,90 мың тоннаға артқанын көрсетті. Бұл көлемнің артуы «Казфосфат» «Минеральные удобрения» ЖШС-нде өндірістің дамуына байланысты фосфогипстің көлемінің артуы болса, «Казфосфат» ГПК «Каратау» ЖШС-і 2019 жылы фосфор рудасын көршілес Түркістан облысы аймағынан өндірсе, былтырдан бастап өзіміздің аймақтан өндіруде, – дейді ол.
Сондай-ақ ол қоршаған ортаны ластауда өндіріс ошақтары мен жеке тұрғын үйлерге ақарағанда көлік түтінінен бөлінетін улы газдың атмосферамызға тигізер әсері ауқымды екенін сөз етті. Бұған былтыр елімізде коронавирус инфексиясының таралуын тежеу мақсатынде енгізілген төтенше жағдай барысында көліктердің жүруіне шектеу қойылған уақыт аралығында, Тараз қаласының ауа бассейінін бақылау барысында оған түсетін улы газдың аталған мерзімде айтарлықтай азайып, атмосфера біршама тазарғаны дәлелденіпті.