Таластың бойын таза ұстайық

0 274

Жаз шаға салысымен жұртшылықтың кей бірі дос-жаран, туған-туысымен табиғат аясында тыныстауды мақұл көрсе, тағы бірі жасыл желекке оранған табиғаттан бойына күш-қуат алу үшін тау-тасты, өзен көлді жағалайтыны бар. Әсіресе ыстық күнде суға түсіп, демалғанды жөн санайтындардың қарасы көбейетін маусым нақ осы кез. Сондықтан да олардың ақылы демалыс орнынан гөррі, мүлгіген тыныштық құшағындағы өзен-көлдердің маңайын төңіректейтіні белгілі. Алайда соның барлығы бірдей табиғатқа жанашырлықпен қарай деу қисынсыз. Өйткені өзен-көлдің жағалауында шашылып жататынтүрлі түрлі тұрмыстық заттар мен цейлофан қалта, үйілген-күл қоқыс, пластик құты секілді қалдықтардың барлығы адам қолымен жасалғаны айтпаса да түсінікті. Ал осындай бей-берекетсіздікті болдырмауды қанымызға сіңдіру, табиғатқа қамқорлықпен қарауды үрдіске айналдыру бәріміз үшін ортақ іс. Себебі бүгінгі буын айналаға, табиғатқа жанашырлықпен қарап, маңайдағы шашылған күл-қоқысты көп болып жинауды ауызбіршілікпен бірлесе атқарса, тым боллмаса, соны көрген келер ұрпақ өз заманында мұндай бейберекетсіздікке жол бермейді. Жер жерде табиғатты қорғауға арналған шаралардың түпкі мәні осы.
Жақында облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен Талас өзенінің жағалауын түрлі қоқыстан арылту мақсатында арнайы кация ұйымдастырылып, табиғатқа қамқорлық көрсетілді. Жалпы бұл шара Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпы ұлттық жоспар шеңберінде өтті. Жылда жүйелі түрде ұйымдастырылатын «Бірге таза Қазақстан!» акциясынан бастау алған шараға тартылған азаматтар өз белсенділіктерін көрсетті.
Сонымен қатар, «5 маусым — Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні» қарсаңында да мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен жоғарғы оқу орындарының, қоғамдық ұйымдар мен волонтерлердің басын қосқан осындай іс-шара барысында да қоршаған ортаның тазалығына бей-жай қарамайтын жастардың бар екеніне көз жеткізген едік.
Акцияға қатысушылар Талас жағалауындағы шашылып жатқан пластик қалдықтарды жинап, арнайы көлікке тиеді. Барлығы 20-ға жуық қап қоқыс жиналып, ол жүк көлігіне тиеліп, арнайы қоқыс төгетін орынға жеткізілді.

Айта кетейік, «Бірге Таза Қазақстан» акциясы алғаш рет 2019 жылы бастау алды. Акцияның барлық кезеңі ішінде оған еліміздің 650 мыңнан астам тұрғыны қатысты. Тек үш жылдың ішінде 400 мың тоннадан астам қалдық жиналып, кәдеге жаратуға берілді. Сонымен қатар іс-шара аясында екі миллион ағаш отырғызылды.

   

Leave A Reply

Your email address will not be published.