Өліп қала жаздадым: Ләйлә Сұлтанқызы басынан өткен сұмдық жайтты баяндады
Ләйлә Сұлтанқызы басынан өткен оқыс оқиға туралы айтты. Тележүргізуші суға батып кете жаздады.
«Өліп қала жаздадым. Бүкіл өмірім көз алдымнан өтті. Басынан бастап айтайын. Бүгін watersport-қа барғанбыз. Кішкентай баллондарға отырып теңіз бетімен жарысатын болдық. Төртеуміз төрт баллонға отырып алдық. Бір уақытта қатты толқынға соғылып 1,5-2 метрге аспанға қарай көтерілдім де бір сәтте судың астына күмп еттім.
Қандай жағдай орын алмасын, паника жасамауға тырысатыным бар. Көзімді ашсам су астында тұншығып жатыр екем. Ойлаңызшы. Теңіздің ортасы. Жайлап жүзе бастадым. Судың бетіне шыққанда мені іздеп келгендерді көрем. Бірер минут ұзаққа созылып кеткендей болды. Су астында 1 секундта бүкіл өмірім көз алдымнан сырғып өтті ғой. Ойлап отырмын енді, кейде ертеңге жоспар құрасың, үйтеміз-бүйтеміз дейміз. Құдай осындай оқиғалармен сынап алатын шығар”, – деп жазды тележүргізуші.
Желі қолданушылары кеңесін айтып, өз оқиғаларын баяндап жатыр.
“Мешітке барып құран оқытып садақа беріңіз”, “Құдай сақтасын енді мінбеңіз құрсын. Өзімді сіздің орныңызға қойып көрсем қорқынышты”, “Алла сақтаған! Байқаңыз! Ертең мінбей-ақ қойыңызшы”, “От пен су тілсіз жау,абай болыңыз!”,”Бір алла жар болсын!!! Су деген тілсіз жауғой, ойлап көрсең қорқынышты…. Аман болыңыз!!!”, – деп жазды олар.