Алматылық модель ELLE Arabia журналының мұқабасына шықты
28 жастағы алматылық модель Кристина Менисова ELLE Arabia басылымының мұқабасына шықты.
Түсірілім Лос-Анджелесте әйгілі сән фотографы Джой Стротцпен өткен.
Кристина Менисова АҚШ-қа бес жыл бұрын Алматыдан көшіп барған. Сол жақта модельдік мансабын бастады. Ол қазірдің өзінде Michael NGO, Fashionnova, PrettyLittleThing, Michael Costello, Roberto Cavalli, Jovani Dresses сияқты америкалық және әлемдік брендтермен жұмыс істеп үлгерген.
Кристина Лос-Анджелес пен Майамиде өткен сән апталығындағы шоуларға қатысқан. Сонымен қатар, Кристина танымал америкалық рэпер Tyga-мен бірге Ibiza әнінің бейнеролигіне түскен.
Модель музыкалық бағытта мансабын бастауды армандайды. Кристина Алматы консерваториясының вокал және дирижерлеу бөлімін бітірген.
Ол америкалық Umberto DJ және латын жанрында ойнайтын әйгілі Gipsy Kings тобымен бірге ән айтқан.