Жол апатынан аман қалған мектеп директорлары санавиациямен Ақтөбеге жеткізіледі

0 338

Ақтөбеге жол апатынан аман қалған мектеп директорларын санавиация Ақтөбеге жеткізеді.

 

Ақпарат бойынша, № 25 мектеп пен Жаңа орта мектеп басшылары қазір Ойыл аудандық ауруханасында жатыр. Бүгін оларға санавиация ұшағы шықты. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр.

«Біз алдымен шок жағдайынан шығаруымыз керек, науқас тасымалдауға жарамды болса оны қалаға жеткіземіз», — деді Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Еске салайық, №20 мектеп директоры Бағдат Орынбаева мен № 33 мектеп директоры Альмира Орақова Ақтөбе-Ойыл тасжолында 19 маусымда болған жол апатынан қаза тапты. Тағы екі мектеп директоры — №25 мектептің директоры Шолпан Баяділова және Жаңа орта мектептің директоры Ақгүл Қисықова Ойылдағы аудандық ауруханаға жеткізілген.

Педагог әріптестерінің айтуынша, директорлар демалыс күндері Ойыл ауданындағы киелі орындарға барған, қайтар жолда апат болған.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.