Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаевтың есепті жиыны басталды

0 300

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың  «Баласағұн» орталық концерт залында халық алдындағы есепті кездесуі басталды.

Әлемдік пандемияға байланысты есепті жиын онлай форматында ұйымдастырылып, оны «Jambyl», «77TV» және «Taraz 24» телеарналары мен  облыс әкімдігінің www.zhambyl.gov.kz сайты, сондай-ақ Instagram (zhambyl.gov.kz), Facebook (https://www.facebook.com/zhambyl.gov.kz), Youtube (Жамбыл облысы әкімдігі) ресми парақшалары  тікелей эфирде   көрсетуде. Ал өңір тұрғындары аймақ басшысына  esep2021@zhambyl.gov.kz электронды поштасы, «Ашық диалог» блог-платформасы  және jambyl_esep2021 Telegram каналдары арқылы сұрақтарын жолдауға мүмкіндік алуда. Одан бөлек  есептік кездесуде  109 қысқа нөмірі мен  Call-орталықтары халыққа қызмет көрсетіп жатыр.

Бердібек Машбекұлы баяндамасында ең әуелі өңірдің экономикалық көрсеткіштеріне тоқталды.

– Есепті кезеңде экономикалық өсім 102,2 пайызды құрады. Өнеркәсіп өнімдері  504,9 миллиард теңгеге жетіп,  103,1 пайыздық өсімді көрсетсе, ауыл шаруашылығы 381,9 миллиард теңгенің тауарларын шығарып, 105,1 пайызды діттеді. Құрылыс 128,2 пайызға артса, тұрғын үй құрылысы 121,7 пайызды межеледі. Жыл ішінде өңірге 344,1 миллиард теңге инвестиция салынып, жұмыссыздық 4,9 пайызға төмендеді. Бюджеттің игерілуі еліміз бойынша 99,1 пайызды құраса, біз жоспарды 100 пайызға орындадық. Осылайша әлемдік пандемияға қарамастан негізгі  салалар бойынша оң динамика қалыптасып отыр, – деді облыс әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.