Ақтөбе облысында адам саудасы фактісі анықталды
Ақтөбе облысында арнайы шара кезінде адам саудасы қылмысы анықталды.
Адам саудасы, жеңгетайлық, ұрлау және бас бостандығынан айыру саласындағы қылмыстарды ашу және олардың жолын кесу мақсатында 16-18 маусым аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Тоқта трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша адам саудасының бір фактісі анықталды. Сонымен қатар бір – жеңгетайлық, 47 – қоғамдық орындарда тиісу және көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жай беру фактісі тіркелді. Есепке екі сутенер және 10 жезөкше қойылды.