«Хайп үшін». Ақсулық жігіт автобустың үстіне мініп, қаланы аралаған
Ақсу қаласында полицейлер автобустың төбесіне шығып, келесі аялдамаға дейін барған 18 жастағы жасөспірімді жауапқа тартты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Instagram әлеуметтік желісіне мониторинг жасау барысында жасөспірімнің қалалық автобустың төбесіне секіріп мінген видеосы анықталды. Полицейлер видеоға тексеру жүргізген.
«17 маусымда сағат 13.00-де жасөспірім Ақсу қаласы Астана көшесіндегі аялдаманың төбесінен қалалық автобустың төбесіне секіріп мінгені анықталды. Полиция тәртіп бұзған жігітті анықтады. Ол — 18 жастағы қала тұрғыны. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал жазалау шараларын қабылдау үшін сотқа жіберілді», — деді Павлодар облысы Ақсу қалалық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Рахметов.
Полиция жасөспірім бұл әрекетке хайып үшін барғанын айтты.
Назар аударыңыз! Видеода әдепсіз сөздер айтылады.