Солтүстік Корея 16 жылда бірінші рет өзге елге қайырымдылық жасады
Солтүстік Корея Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Мьянмаға гуманитарлық көмек көрсету туралы бастамасына 300 мың доллар (128 миллион теңге) бөлді.
БҰҰ-ның Гуманитарлық қызметті үйлестіру басқармасының мәліметінше, Солтүстік Корея БҰҰ-ның Мьянмадағы әскери төңкерістен кейін зардап шеккендерге азық-түлікпен және гуманитарлық көмек көрсету және коронавируспен күресу туралы жобасына қайырымдылық жасаған.
Басқарманың мәліметтеріне қарағанда, Солтүстік Корея соңғы рет 2005 жылы БҰҰ-ның басшылығымен жасалған көмек көрсету жобасына осындай қайырымдылық көрсеткен.
Айта кетейік, Солтүстік Корея мен Мьянма достық қарым-қатынаста. Мысалы, жыл басында Ким Чен Ын Оңтүстік-Шығыс Азия елі тәуелсіздігінің 73 жылдығына орай Мьянма президентіне үндеу жолдады.
Солтүстік Корея бұл жобаға қатысқан оннан аса ел мен ұйымның қатарында. Оңтүстік Корея да 600 мың доллар көлемінде қайырымдылық көрсетті. Ең үлкен қайырымдылықты АҚШ жасаған, бұл ел 23 миллион доллардан аса қаржы жолдаған.
КХДР қаржылық қайырымдылықты сирек жасайды, өйткені бұл әлемдегі ең кедей елдердің бірі.