«Ана тілімді білемін»: Динара Сәтжан қазақ тілінде неге көп сөйлемейтінін айтты

0 482

Отандық танымал тележүргізуші әрі дизайнер Динара Сәтжан ана тілінде сөйлеу өзіне не себепті қиынға соғатынын ашық айтты. Ол қазақ тілін білгенімен, өз ойларын орыс тілінде жеткізген әлдеқайда оңай екенін жеткізді.

Динара Сәтжан қазақ тілінде сөйлеу мәселесіне қатысты Instagram парақшасында арнайы жазба жариялады. Ол өзінің ана тілін жетік білуіне күмәнданғандарға жауап берді. «Мен қазақ тілін білемін! Мен әрқашан өз мәтінімді осы сөздерден бастауды армандайтынмын.

Иә, мен қазақпын, ана тілімді білемін, бірақ өз ойларымды білдіру де, әңгімені жүргізу де орыс тілінде оңай. Менің ойымша, бұл сезім көптеген адамдарға таныс. Қатты қалайсың, бірақ ойыңды қазақша жеткізе алмағандағы сезім немесе жаныңда үнемі тек қазақша сөйлейтін адамдардың және дұрыс құралдардың болмағаны.

Ал жақында достарым маған қазақ тілін үйрену бойынша бір жобаға жүгінуге кеңес берді. Әлеуметтік жоба және кез келген адам қазақ тілін оңай әрі тегін үйрене алады», — деп жазды ақпарат өкілі.

nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.