Ғалымдар коронавирустан қорғайтын ерекше әдісті атады

0 428

Йель университетінің ғалымдары COVID-19-дан қорғайтын ерекше әдісті атады.

Мамандардың айтуынша, тұмаурату кезінде науқастың денесінде иммундық реакция болады, ал ол коронавирус инфекциясынан қорғайды.

Ғалымдар зертханада тыныс алу тіндерін өсіріп, оған риновирусты жұқтырған. Ол — тұмауды тудыратын вирус. Кейін оған коронавирусты жұқтырған. Мамандардың айтуынша, бірінші вируспен әрекеттескеннен кейін иммундық жүйе іске қосылып, COVID-19-дың таралуын тоқтатқан. Ғалымдар зерттеу нәтижесі инфекцияны емдеудің тиімді әдістерін жасауға көмектеседі деп үміттенеді.

Сонымен қатар, мамандар бұл әдісті науқас коронавирус жұқтырған сәтте мүмкіндігінше тез қолдану керек екенін айтты.

«Бәрі уақытқа байланысты. Вирустар арасында өзара әрекеттесу болады, ол бізге түсініксіз. Нәтижесі жұмбақтың жауабы. Оны шешеміз», — деді Йель медицина мектебінің доценті Эллен Фоксман.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.