Вандалдар Баянауыл ұлттық паркіндегі көне қорымның тас-талқанын шығарды

0 288

Павлодар облысының полицейлері қола дәуірінің археологиялық ескерткішін бүлдірген бұзақыларды іздеп жатыр. Көне заманның көзіне баланған тастарға қаншалықты зақым келгенін енді ғалымдар анықтауы тиіс.

Белгісіз біреулер Баянауыл ұлттық паркінің аумағында көне қорымның тас-талқанын шығарған.

Бұл қыраттағы ескерткіштер біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдыққа жатады. Қазба жұмысы кезінде археологтар Андронов мәдениетіне жататын әшекей бұйымдар мен ыдыс аяқтарды тапқан еді. Тарихи ескерткішті сақтап қалу үшін мамандар бірнеше жылдан бері жергілікті биліктен қорым аумағын қоршауды сұрап келеді. Әзірге оған құлақ асқан атқамінерлер жоқ.

“Аталған дерек Баянауыл ауданының полиция бөлімінде тіркелді. Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр. Ауданның жедел тергеу тобы жергілікті атқарушы орған өкілдерімен бірге оқиға орнына барды. Мәселенің мән-жайы алдағы уақытта анықталады”, – деді Павлодар облысы ПД баспасөз хатшысы Жанна Белялова.


stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.