COVID-19 қарсы вакциналардан 5000-нан астам адам өлді: Желіде дәрігердің мәлімдемесі қызу талқылануда

0 309

Әлеуметтік желілерде доктор Шерри Тенпенни АҚШ-та COVID-19 қарсы вакциналардан 5000-нан астам адам өлгенін айтып, вакцинация науқанын тоқтатуға шақырған сөзі тарады.

Stopfake.kz бұл мәлімдеменің жалған екенін жазды.

Доктор Шерри Тенпенни – вакцинацияның танымал қарсыласы. Ол бұған дейін иммундау препараттары аутизм тудырады деп мәлімдеген болатын. COVID-19 пандемиясы басталғалы ол індетке қарсы вакциналар бедеулікке, аутоиммундық ауруларға және өлімге әкеледі деген идеяларды тарата бастады. Мұның бәрі – жалған.

«Вакциналардан болған 5000-нан астам өлім» туралы тағы бір видеода доктор Тенпенни VAERS жүйесінің статистикасына сүйенеді. Бұл COVID-19 қарсы вакциналарға ықтимал жағымсыз реакцияларды бақылауға арналған пассивті платформа. Жанама әсерлер туралы мәліметтерді пайдаланушылардың өздері қалдырады. Бұл ретте вакцина салдыру фактісін және өзіңіздің жеке басыңызды растаудың қажеті жоқ. Болжамды жағымсыз әсер туралы хабарлау үшін дәрігердің де растауы керек емес.

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасы (FDA) вакцинациядан кейін қайтыс болған адамның ауру тарихы мен созылмалы немесе жедел аурулары болғанына қарамастан, әрбір өлім жағдайын жүйеге енгізуді талап етеді. Бүгінгі күні жүйеде 5000-нан астам өлім-жітім тіркелген, бірақ олардың бірде-біреуінің вакцинамен нақты байланысы бары анықталмаған.

VAERS COVID-19 қарсы вакцина салдырған адамдар арасында 5208 өлім (вакцинацияланғандардың жалпы санының 0,0017%) туралы хабарлама алды. FDA медицина қызметкерлерінен VAERS-ке COVID-19 қарсы егілгеннен кейінгі кез келген өлім туралы хабарлауды талап етеді, тіпті егер вакцинаның өлімге әкелетіні белгісіз болса да. Қолжетімді клиникалық ақпаратқа, оның ішінде өлім туралы куәліктерге, мәйітті ашып тексеруге және медициналық жазбаларға шолу COVID-19 қарсы вакциналарға себеп-салдарлық байланыс орнатпады, – делінген АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ресми сайты.

Осылайша, Шерри Тенпеннидің егу камапниясының нәтижесінде бес мыңнан астам адам қайтыс болды деген тұжырымы дұрыс емес. VAERS жүйесіндегі болжамды жанама әсерлер мен өлім туралы хабарларды мамандар растаған жоқ және сенімді ақпарат көзі ретінде қарастырылмайды.
Вакцинадан кейін жүйеде қалған өлім туралы хабарламалардың ешқайсысы расталған жоқ. Сараптама өлімнің вакцинамен байланысты емес себептермен болғанын көрсетті.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.