YouTube алкоголь мен құмар ойындарды жарнамалаудан бас тартты

0 464

YouTube бұдан былай негізгі жарнама орнына — веб-сайт пен қосымшаның жоғарғы жағында көрсетілетін баннерде алкоголь, құмар ойындар, сайлау және саясат немесе рецептпен берілетін дәрі-дәрмек жарнамасын қабылдамайды.

Бұл жарнамалар 14 маусымнан бастап жоғарғы баннерде көрсетілмейді.

Google өкілі TheVerge басылымының журналистеріне жаңа шектеулер «қолданушылардың пікірін жақсартуға» арналғанын айтты.

Жоғарғы баннердегі жарнама блогы — YouTube-ті аша салғанда көзге түсетін орын. Дәрі-дәрмектерді, алкогольді немесе құмар ойындарды жарнамалаудан бас тарту YouTube-ті әр түрлі жастағы қолданушылар көре алатындай етіп жасайды.

Ал саясатына келер болсақ, жаңа шектеу YouTube-ке келіспеушіліктер мен жанжалдардан аулақ болуға көмектеседі, мысалы, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 2020 жылғы сайлау кезінде үш күнге жоғарғы баннерді сатып алған кезде дау шыққан.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.