Немере ағасына тұрмысқа шығудан бас тартқан бойжеткенді өз жанұясы өлтіріп тастаған

0 292

Италияда пәкістандық отбасы өзінің немере ағасына тұрмысқа шығудан бас тартқан бойжеткенді өлтіріп, айдалаға көміп тастаған. Қазіргі таңда полицейлер қылмыскерлерді іздестіруде.

18 жастағы Саман Аббас есімді қыз 1 мамырда жоғалып кетіпті. Соңғы рет бойжеткенді оның 46 жастағы әкесі жұмыс істейтін ферманың маңынан көрген.

Полиция мәліметінше, қыздың ата-анасы, 47 жастағы туыс ағасы Хаснайн мен немере ағалары ұйымдасып, бойжеткенді өлтіріп, артынша елден қашып кеткен. Бұған себеп – Саманның немере ағасына тұрмысқа шығуға бас тартуы: бойжеткеннің сүйген жігіті болған көрінеді.

Қазіргі таңда күдіктілердің бірі (қыздың немере ағасы Иджаз) қолға түскен. Ал жоғалған бойжеткеннің әке-шешесі қыздарының өліміні мойындамай отырған көрінеді.

Оқиға өткен жылдың қазанында басталған сыңайлы. Ақыры қызды тұрмысқа шығуға көндіре алмаған соң, отбасы ар-намыс үшін оны өлтіруге бел буады.

Саманның жігіті сүйіктісінің соңғы уақытта өмірі үшін үрейлерінп жүргенін айтады. Сөзінше, бойжеткен жақындарының өзін өлтіруді жоспарлағанын естіп қалған. Өйткені Пәкістанда ата-анасының шешімімен келіспеген қыздарға осындай жаза қолданылады екен.

Бейнебақылау камераларына қыз жоғалған ферма маңында 29 сәуірде күрек, темір, көк сөмке мен шелек алып кетіп бара жатқан үш азамат түсіп қалған. Бұл пәкістандық арудың үш туыс ағасы болуы мүмкін. Ал 1 мамырда дәл сол камерадағы жазбалардан оның ата-анасы Саманды ферманың артына ертіп бара жатқаны көрінеді. Қылмыс жасаған соң, күдіктілер дереу елден кетіп қалуға асыққан: қыздың ата-анасы Пәкістанға, туыс ағалары Еуропаға бет алған.

Полиция Италиядағы Саманның інісін табады. Әпкесінің өліміне туыс ағасы Хаснайн кінәлі деген ол қыз жоғалып кеткен түні әкесі үйге түнде жылап келгенін айтады.

Пәкістанға жетіп үлгерген бойжеткеннің ата-анасы қыздарының тірі екенін, оның Бельгияда жүргенін айтыпты. Дегенмен, полиция Саманды бұл мемлекеттен таба алмаған. Қазіргі таңда оның денесін іздеу және қалған күдіктілерді қолға түсіру шаралары жүргізілуде.

Өз кезегінде бұл жағдай Италияның мұсылман қауымын дүр сілкіндірді. Жергілікті Ислам қауымдастығы бұл оқиғадан кейін күштеп үйлендіруді қолдамайтындарын жариялады.

kznews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.