Атырау облысында жұмысшы әріптесін жүк көлігімен басып кетті

0 310

Атырау облысында жұмысшы әріптесін жүк көлігімен басып кетті. Басылым мәліметінше, 12 маусым күні сағат 17:00 шамасында Теңіз кенішіндегі зауыттардың бірінің аймағында орналасқан үйілмелі топырақ қасында Shacman жүк тасымалдау көлігінің жүргізушісі қауіпсіздік ережелерін сақтамай, сол мекемеде жұмыс істейтін қызметкерді көлікпен басып кеткен.

Ер адам оқиға орнында қаза тапқан. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Еске сала кетсек, осыған дейін Алматыда полицей қызметтік көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткенін жазған болатынбыз.

Адам өліміне алып келген жол апаты бүгін, 14 маусым күні таңғы сағат жетіде Алатау ауданы аймағында болған. Құқық қорғау органдары ұсынған ақпаратқа сәйкес, Hyundai қызметтік көлігіндегі полиция қызметкері Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан.

Сөйтіп ол күтпеген жерден маневр жасай бастаған өзге көлікпен соқтығысудан қашпақ болып көлік жуу орнының шығыс жағына қарай бұрыла бергенде, сол жердегі жаяу жүргінші әйел мен жол шетінде тұрған «ГАЗельді» қағып кеткен. «ГАЗель» жүргізушісі көлік ішінде болмаған. Ал әйел қайтыс болған.

nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.