Коронавирустың жаңа штамын кімдер жиі тарататыны анықталды
Коронавирустың жаңа штамдарын кімдер жиі тарататыны белгілі болды, — деп хабарлайды РИА Новости.
Роспотребнадзор эпидемиология Орталық ғылыми-зерттеу институты директорының клиникалық-аналитикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Наталья Пшеничнаяның сөзінше, жастар коронавирустың жаңа штамын жұқтырған жағдайда оны жеңіл өткереді. Бірақ олар инфекцияның негізгі тасымалдаушысы болып саналады.
«COVID-19-дың клиникалық көрінісі өзгерген. Жастар ауруды жеңіл өткереді, сондай-ақ олар вирусты белсенді таратушы болып есептеледі», — деді ол.
Маман жаңа штамды жұқтырған жағдайда көбіне маусымдық ЖРВИ белгілері байқалатынын, сондықтан жастар оған бей-жай қарап, қалыпты өмір сүре беретінін айтады.