Ел алдындағы есепті жиындар басталды

0 368

Аудан және ауыл әкімдерінің бірлескен 2020 жылдың қорытынды есептері бүгін Мойынқұм ауданындағы Ақсүйек ауылдық округінде де өтті. Кездесуге аудан әкімі Мәден Мұсаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Бақытжан Қалымбетов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Жарас Тохабаев бөлім, мекеме басшылары ауыл қатысты. Жиында ауылдық округ әкімі Ерболат Нұрланов 2020 жылғы атқарылған жұмыстарды баяндады. Ауылдық округте биыл ауыл жастары үшін шағын футбол алаңшасы салынғанын, әкімшілік ғимартының шатыры ауыстырылғанын және «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша мектеп әжетхансы мен терзелерінің ауыстырылғанын атап өті. Содан соң аудан әкімі Мәден Мұсаев жыл ішінде аудан бойынша атқарылған жұмыстарды атап, негізі көрсеткіштерді слайд арқылы көрсетіп өтті. Сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 9 сала бойынша жалпы сомасы 1 387,0 млн теңге құрайтын 52 инфрақұрылымдық жоба іске асырылғанын, нәтижесінде орташа еңбекақысы 85 000 теңге құраған 462 адам жұмыспен қамтылып, оның 236 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа жолданғанын жеткізді.
Жиында ауыл тұрғындары медицина, білім салаларына сауалдарын қойып, оған тұщымды жауаптар алды. Сонымен қатар ауыл тұрғындары өндірістік аймаққа өртсөндіргіш көлігі қойылса, балалар алаңшасын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсе деген ұсыныстарын жеткізді. Жиын соңында аудандық полиция бөлімінің басшысы Жарас Тохабаев интернет алаяқтар туралы анықтама беріп, ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмысын жүргізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.