Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!

0 375

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда пандемия басталған уақыттан бері үкімет халықты COVID-19 инфекциясынан қорғау бойынша шаралар қабылдады. Елде карантин енгізілген соң, бұқаралық іс-шаралар, мерекелер мен тойларды өткізуге тыйым салынды. Бұл вирустың таралуына тосқауыл мүмкіндік берді. Тараз қаласы бойынша мониторингтік топтар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған мейрамханалар мен дәмханалардың иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырды. Жалпы 259 хаттама толтырылып, оның 244-і сотқа жолданды және тағы 15 хаттама өңдеу сатысында тұр. Жалпы рестораторлар бюджетке 51 761 500 теңге төледі. Алайда, мейрамхана иелері толтырылған хаттамаға қарамастан карантин талаптарын бұзуды жалғастырған жағдайлар да болды. Бұл жастар арасында кең танымал «Salvador» ресто-бары мен «Fashion M Club» түнгі клубы.

Осыған байланысты Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Жамбыл облысы аумағындағы карантиндік шектеу шаралары алынғанға дейін аталған қоғамдық нысандардың жұмысы тоқтатылды.

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерден бұқаралық іс-шаралар өткізбеуді сұраймыз. Бұл вирустың таралуына ықпал етеді.

Біз біріксек қана бұл сыннан өте аламыз!

#bizbirgemiz

Leave A Reply

Your email address will not be published.