Мониторингтік топ зерделеу жұмыстарын жүргізді
Т.Рысқұлов аудандында мониторингтік топ Халыққа қызмет көрсету орталығына, «Ақбота» балалар бақшасына, Ю.А.Гагарин атындағы негізгі мектебіне барып, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында мобильдік топ ғимараттардағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалу барысына, мекеме қызметкерлерінің қауіпсіздік шараларын сақтауына көңіл бөліп, тиісті ақпараттармен бөлісті. Мониторингтік топ аталмыш мекеме қызметкерлерімен бірге ауруды жұқтырып алмау, адам денсаулығының маңызы жөнінде сөз қозғап, санитарлық талапты сақтауға шақырды. Аудандық мобильдік топ осы уақытқа дейін түрлі мекемелерде болып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, бүгінде Ақмола мен Қостанай облыстары коронавирустың «қызыл» аймағына енді. Осы екі өңірдегі жағдай күрт нашарлап, ауру саны да бірден көбейіп кеткен жайы бар. Әзірше Жамбыл облысы коронавирустың «жасыл» аймағында. Сонымен қатар ауданымызда да аурудың таралу деңгейі бірқалыпты. Алайда бұл біздің денсаулығымызға толық кепілдік бере алмайды. Жоғарыда аталған екі өңірдегі жағдай біздің аймақта орын алмас үшін сақтық шараларды күшейту керек. Өз денсаулығымызға немқұрайды қарамауға тырысайық.
Ақымет ҚАМШЫБЕК