Жамбыл ауданында 76 азамат баспаналы болды
Пəтер кілті 15 жетім балаға, 10 көпбалалы анаға, 33 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға берілді. Бұдан бөлек 12 мемлекеттік қызметкер пəтерлі болды.
Аталған ғимарат «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 599 миллион теңгеге салынған. Оның 36-сы бір, 16-сы екі, 24-і үш бөлмелі пəтерлер. Пəтер кілті 15 жетім балаға, 10 көпбалалы анаға, 33 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға берілді. Бұдан бөлек 12 мемлекеттік қызметкер пəтерлі болды.
Бұл ғимаратты «Бином» ЖШС бір жылда тұрғызып, ел игілігіне берген. Салтанатанатты шараға облыс əкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, аудан тұрғындарын қоныс тойымен құттықтады.
— Биыл облыста жеті жүзге жуық пəтер кілтін тапсыру көзделуде. Ал Жамбыл ауданында пəтер кезегіне 1019 адам тұр. Сол кезекті азайту мақсатында Аса ауылында тағы төрт көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда. Сөйтіп алда 320 адамды пəтермен қамту ойда бар. Бұдан бөлек, 7 елді мекенде екі мыңға жуық жер телімін беру жоспарлануда. Қазіргі таңда онда инфрақұрылым жүргізілуде. Ал Аса ауылында алдағы уақытта 811 жер телімін беру үшін инженерлік инфрақұрылымын жүргізуде. Сондай- ақ «Асарлатып үй салу» жобасы биыл да өз жалғасын табатын болады. Оны біз демеушілердің күшімен жүзеге асырамыз, — деді Бердібек Машбекұлы.
Жаңа қоныс иесі, жеті баланың анасы Айнұр Бегалиева тоғыз жылдан бері үй кезегіне тұрып келіпті.
— Қуанышымызда шек жоқ. Əсіресе балаларым қатты қуанып жүр. Бұған дейін пəтер жалдап келсек енді өз үйіміздің болғанына шын ниетпен қуанып отырмыз! — дейді ол.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі