Көпірі жоқ өзенді кешіп өтіп, дәрігерлер шалғай ауыл тұрғындарына вакцина салып жатыр

0 340

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны азая бастады.

Үндістанда вакцина егу қарқыны үдеді, – деп жазады 24.kz. Жаппай вакциналау үшін медицина қызметкерлері күні-түні еңбек етіп жатыр.

Олар таулардан асып, көпірі жоқ өзендерді кешіп өтіп, шалғай ауылдарға жетті. Осының арқасында коронавирус жұқтырғандар саны азая бастады. Соңғы 1 тәулікте 87 мың адамнан коронавирус анықталған.

Мамандар мұны «кейінгі 2 айдағы ең төменгі көрсеткіш» деп, науқастар саны азайғанын айтып отыр.

«Өзендерден өту қиын. Бірақ біз алған бетімізден қайтпаймыз. Дарияның суы көтерілгенде, ауыл тұрғындарынан көмек сұраймыз. Олар да аянып қалмайды. Есегін әкеліп, дәрігерлерді өзеннен өткізеді», – дейді Раджури ауданы Денсаулық сақтау департаментінің өкілі.

Бұған дейін Үндістанда коронавируспен қатар мукормикоз да өршіп тұрғанын жазған болатынбыз.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.