Партияның ықпалымен облыстағы кәсіпкерлер саны 225 бірлікке артады
Облыстық маслихат депутаттығына кандидаттар Гүлбарам Тұрлыбек және Аида Бекмурзина Шу қаласында орналасқан «Дәмдес» сауда үйінің тұтынушыларымен кездесті.
Қала тұрғындарына үміткерлер сайлауалды бағдарламаны таныстырып, өз деңгейінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
— Өңірде инвестицияларды тиімді салу, мемлекеттік қолдау шараларынан барынша нәтиже алу, қазіргі заманғы технологияларды енгізу, «Жамбыл облысы халқының табысын арттыру» және «алқаптан сөреге дейін» пилоттық жобаларын іске асыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. “Nur Otan” партиясы осы тұрғыда ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін 2,2 мың өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарды кәсіпкерлік қызметке, оның ішінде ауылдық өндірістік кооперативтерді тарту көзделуде. Жыл сайынғы жәрмеңкелерді ұйымдастыруға, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру үшін апта сайын мониторинг жүргізіледі. Ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту үшін 385-тен астам жаңа жұмыс орындары құрылып, кәсіпкерлердің саны 225 бірлікке және өндіріс көлемі 807,2 млн. теңгеге артады. Осыған орай Шу ауданында 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылады, — деді кандидаттар.
Сонымен қатар, Шу қалаларында ауаны тазарту құрылғылар шығаратын кешен салынып, барлық ауылдарда қоқыстарды, құрамында сынабы бар қалдықтарды бөлек жинайтын контейнерлер орнатылады. Бұған қоса, ауданда 2 өрт сөндіру бекеті құрылады.
Кездесу соңында тұрғындар «NurOtan» партиясына бірауыздан қолдау білдіретіндігін, жақындарын да партияны қолдауға шақыратындығын жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді.