«Қайрат» футбол клубының бапкері қызметінен кетті
Aлматылық «Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский қызметінен кетті. «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Алексей Шпилевский ұжымды 2,5 жыл жаттықтырған.
Оңтүстік астаналық командаға чемпиондық атақты сыйлаған беларусь маманы Германия Бундеслиганың екінші дивизионында өнер көрсететін «Эрцгебирге» клубының бас бапкері атанды.
«Қайратпен» өзара келісімнің уақытынан бұрын үзілуіне байланысты алматылық клубтың Шпилевский жаттықтыратын жаңа командадан өтемақы алатыны белгілі болды. Осылайша, «Қайраттың» уақытша жаттықтырушысы міндетін қазақстандық маман Кирилл Кекер атқармақ. Ол биылғы маусымда «Қайрат-Жастардың» бас бапкері қызметіне тағайындалған еді. Ал жастар командасын академия бапкері Кирилл Морунов жаттықтыратын болды