Ілкімді істер ілгерілетеді
Бүгін аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер Б. Исабеков, П. Рысымбетов, А. Қалығұлов және партияның сенімді өкілдері М. Сабыров, Қ. Бейімбетовтер Мойынқұм аудандық электр желілерінің жұмысшыларымен кездесті. Кездесуде үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, үгіт- насихат жұмыстарын жүргізді.
—2020 жыл әлем үшін үлкен сынақтардың жылы болды. Коронавирустық пандемия адамзат өмірін, тіршіліктегі басымдықтарды өзгертіп, көптеген жағдаятқа басқа көзбен қарауға мәжбүр етті. Қоғамның басты құндылығы — адамның өмірі мен денсаулығы екенін ұқтық. Еліміз әлемнің басқа елдері секілді ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Сондықтан да барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Осы орайда партияның алдағы жылғы жоспарларымен бөлісіп, аталған жоспарлардың жүзеге асуына ықпал жасауды қарастыратын боламыз-деген БәкірИсабеков еліміздің жарқын болашағы үшін «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.
Кездесу барысында жұмысшылар «Nur Otan» партиясының 7 басымдығына топтастырылған сайлауалды бағдарламаның бағыттары бойынша атқарылатын жоспарларына үлкен қызығушылық танытып, толғандырған сұрақтарына жауап алды.
«Nur Otan» партиясы Мойынқұм аудандық Сайлау қорынан төленді