Ақтауда 14 шілде күні таңертең 14-шағынаудандағы жағалауда болған әйелге шабуыл жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Politico.kz агенттігі Lada.kz-ке сілтемемен. Ауыр жарақат алған әйел ауруханаға жеткізіліп, күдікті сот шешімімен қамауға алынды. Lada.kz мәліметінше, оқиғадан кейін зардап шеккен әйелдің туыстары қала тұрғындарына үндеу жасап, сол күні жағалауда түсірілген бейнежазбалар болса, тергеуге ұсынуды сұрады. Олардың айтуынша, оқиға […]]]>
Ақтауда 14 шілде күні таңертең 14-шағынаудандағы жағалауда болған әйелге шабуыл жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Politico.kz агенттігі Lada.kz-ке сілтемемен.
Ауыр жарақат алған әйел ауруханаға жеткізіліп, күдікті сот шешімімен қамауға алынды.
Lada.kz мәліметінше, оқиғадан кейін зардап шеккен әйелдің туыстары қала тұрғындарына үндеу жасап, сол күні жағалауда түсірілген бейнежазбалар болса, тергеуге ұсынуды сұрады. Олардың айтуынша, оқиға кезінде жағалауда адам көп болған, сондықтан куәгерлер түсірген кез келген видео істің мән-жайын анықтауға көмектесуі мүмкін.
Жәбірленушінің әпкесінің айтуынша, әйелге шабуыл жасаған адам – ажырасуға ниеттеніп жүрген күйеуі. Отбасында төрт бала тәрбиеленіп жатыр. Туыстарының сөзінше, ер адам ұзақ уақыт бойы әйеліне, балаларына және жақындарына қоқан-лоқы көрсетіп келген.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға болған күні күдікті балаларға зиян келтіремін деп қорқытып, әйелді үйден шығуға мәжбүрлеген. Кездесу кезінде оны аяусыз соққыға жығып, бірнеше рет пышақ жарақатын салған.
Қазіргі уақытта зардап шеккен әйел ауруханада ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалауда.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Дереккөз: https://politico.kz/kz/article/balalardy-oltiremin-aqtauda-azhyraspaq-bolgan-ayelge-kuyeui-pyshaqpen-shabuyl-zhasady
фото: ашық дереккөзден
Талдықорғанда түнгі уақытта 14 жастағы қыз абайсызда ашық тұрған құдыққа құлап кетті, деп хабарлайды Politico.kz. Оқиға туралы хабарлама полицияға түскеннен кейін оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел жасақтар дереу жеткен. Оқиға орнында болған 12 жастағы қыздың айтуынша, олар әпкесімен бірге көшеде қашып кеткен марғауды ұстамақ болған. Сол сәтте 14 жастағы қыз ашық тұрған құдықты […]]]>
Талдықорғанда түнгі уақытта 14 жастағы қыз абайсызда ашық тұрған құдыққа құлап кетті, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға туралы хабарлама полицияға түскеннен кейін оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел жасақтар дереу жеткен.
Оқиға орнында болған 12 жастағы қыздың айтуынша, олар әпкесімен бірге көшеде қашып кеткен марғауды ұстамақ болған. Сол сәтте 14 жастағы қыз ашық тұрған құдықты байқамай, шамамен төрт метр тереңдікке құлап кеткен.
Полицейлер уақыт жоғалтпай арқан түсіріп, қызды құдықтан аман-есен шығарып алды. Кейін ол медицина қызметкерлеріне тапсырылып, қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Полицияның жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында жасөспірімнің өміріне қауіп төнген жоқ.
Оқиғадан кейін учаскелік полиция инспекторлары қауіпті құдықты дереу жабу туралы нұсқама беріп, оған жауапты тұлғаларға қатысты тиісті шара қабылдауды талап етті.
Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, балалардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүруіне жол бермеу және олардың қауіпсіздігін күшейту қажеттігі ескертілді.
Қазақстанның үш облысының жолдары аптап ыстықтан еріді
Қазақстандық Дастан Сатпаев «Челси» сапында алғашқы матчын өткізді
Дереккөз: https://politico.kz/kz/article/taldyqorganda-14-zhastagy-qyz-ashyq-zhatqan-qudyqqa-qulap-ketti?fbclid=IwY2xjawTJ01tleHRuA2FlbQIxMQBzcnRjBmFwcF9pZBAyMjIwMzkxNzg4MjAwODkyAAEeiHSa9-5VH5XxikekixcA7T6TNCLZzVeEKu4bteg2UDoXxb6eYlR33mIDqh0_aem_yFmkahSu4qpc8-doRlkG-A
]]>
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауданына жұмыс сапарымен барды. Іссапар Биназар және Мойынқұм ауылдарындағы ауыз су нысандары мен су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысудан басталды. Қазіргі таңда осындай жобалар Бірлік, Шығанақ, Құмөзек ауылдары мен Мыңарал станциясында да жүргізілуде. Ауызсу инфрақұрылымын жаңғыртуға жалпы 8,5 млрд теңге бөлінген. Өңір басшысы құрылыс жұмыстарын тұрғындарға қолайсыздық келтірмей, сапалы […]]]>
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауданына жұмыс сапарымен барды.
Іссапар Биназар және Мойынқұм ауылдарындағы ауыз су нысандары мен су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысудан басталды.
Қазіргі таңда осындай жобалар Бірлік, Шығанақ, Құмөзек ауылдары мен Мыңарал станциясында да жүргізілуде. Ауызсу инфрақұрылымын жаңғыртуға жалпы 8,5 млрд теңге бөлінген.

Өңір басшысы құрылыс жұмыстарын тұрғындарға қолайсыздық келтірмей, сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Сонымен қатар Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауылындағы күрделі жөндеуден өткен өрт сөндіру бөлімінде болды. Бұл бөлімше 28 мыңға жуық аудан тұрғынының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
1987 жылы салынған ғимарат араға шамамен 40 жыл салып алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. Нәтижесінде ғимарат пен қызметтік үй-жайлар толық жаңартылып, инженерлік желілер мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері заманауи қауіпсіздік талаптарына сәйкестендірілді.

Бөлімшеде газ-түтіннен қорғау қызметінің бекеті, оқу сыныбы, заманауи тұрмыстық бөлмелер, демалыс аймағы және өрт сөндіру техникасына арналған бокстар жабдықталған. Сонымен қатар жеке құрамның дене даярлығын шыңдауға арналған заманауи талаптарға сай Batyr Team спорт залы ашылған.
Облыс әкімі бөлім қызметкерлеріне шомылу маусымы мен өрт қаупі жоғары кезеңде күшейтілген режимде жұмыс істеп, тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Жұмыс іссапарының қорытындысында Ербол Қарашөкеев ауданның әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жобалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы қатаң бақылауда болатынын атап өтті.
Жамбыл облысының әкімдігі
Елімізде кітап оқу мәдениетін дамытумен қатар, отбасымен бірге кітап оқу дәстүрін жаңғыртуға да ерекше мән беріліп келеді. Бұл игі үрдіс ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, баланың бойына кітапқа деген сүйіспеншілікті дарытып қана қоймай, отбасы мүшелерін ортақ құндылық төңірегінде біріктіреді. ✔️2026 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша барлық буын қызыға оқитын 10 шығарма айқындалды. Тізім республикалық маңызы бар […]]]>
Елімізде кітап оқу мәдениетін дамытумен қатар, отбасымен бірге кітап оқу дәстүрін жаңғыртуға да ерекше мән беріліп келеді. Бұл игі үрдіс ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, баланың бойына кітапқа деген сүйіспеншілікті дарытып қана қоймай, отбасы мүшелерін ортақ құндылық төңірегінде біріктіреді.

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша барлық буын қызыға оқитын 10 шығарма айқындалды. Тізім республикалық маңызы бар үш және өңірлердегі 17 кітапхананың мәліметі негізінде жасалды.
Шығармалардың тізімін Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» еңбегі бастайды. Бұл туындыны 13 кітапхана ең көп оқылатын кітаптардың қатарына енгізген. Шығармада отбасы тәрбиесі, үлкенге құрмет, ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтар кеңінен көрініс тапқан. Сондықтан ол бүгінгі күні де әр буын оқырман үшін тағылымы мол туынды ретінде бағаланып келеді.
Жинақталған мәлімет елімізде көбіне балалық шақ, ел тарихы, отбасы тәрбиесі, ұлттық құндылықтар мен адамгершілік тақырыптарын арқау еткен шығармаларға қызығушылық басым екенін көрсетті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
🔰Күннің ыстығындағы балаларға су бүрку жұмыстарына Жаңатас қаласы мен Саудакент ауылының кішкентай тұрғындары қатысты. Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға қатысқан балалар шад — шадыман күйді кешуде; 🔰Бүгінгі шараны өткізіп отырған аудан басшылығы мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшылығына алғысымыз шексіз. Осындай керемет сәттен әсерге бөленген балалар күннің ыстығын ұмытып, бір сәтке сергіп қалдық, […]]]>
Күннің ыстығындағы балаларға су бүрку жұмыстарына Жаңатас қаласы мен Саудакент ауылының кішкентай тұрғындары қатысты. Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға қатысқан балалар шад — шадыман күйді кешуде;

Бүгінгі шараны өткізіп отырған аудан басшылығы мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшылығына алғысымыз шексіз.

Осындай керемет сәттен әсерге бөленген балалар күннің ыстығын ұмытып, бір сәтке сергіп қалдық, — дейді балалар.

Сарысу ауданы әкімдігі
Шымкентте жасанды интеллектінің мүмкіндігін тиімді пайдаланып, оны шығармашылық кәсіпке айналдырған жас маман бар. Аз ғана уақыт ішінде өз жобасын қалыптастырып, бірнеше адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған Маржан Ахметова бүгінде тәрбиелік мультфильмдерден бастап әдеби шығармалардың анимациялық нұсқаларын, өмірбаяндық және деректі бейнежобаларды әзірлейді. Жаңа технологияны игеруге деген ұмтылыс оның жеке кәсібін ғана емес, өзгелерге де табыс табуға […]]]>
Шымкентте жасанды интеллектінің мүмкіндігін тиімді пайдаланып, оны шығармашылық кәсіпке айналдырған жас маман бар. Аз ғана уақыт ішінде өз жобасын қалыптастырып, бірнеше адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған Маржан Ахметова бүгінде тәрбиелік мультфильмдерден бастап әдеби шығармалардың анимациялық нұсқаларын, өмірбаяндық және деректі бейнежобаларды әзірлейді. Жаңа технологияны игеруге деген ұмтылыс оның жеке кәсібін ғана емес, өзгелерге де табыс табуға мүмкіндік беретін шығармашылық орта қалыптастыруына жол ашқан.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту мәселесін елдің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді. Президент жаңа технологияларды экономиканың түрлі саласына енгізумен қатар, білікті мамандар даярлау мен отандық цифрлық өнімдерді көбейтудің маңызын бірнеше рет атап өтті. Бүгінде Президент жүктеген міндеттерді нақты іспен ұштастырып жүрген жастардың қатары артып келеді. Солардың бірі – «Dream Vision» жобасының негізін қалаушы, жасанды интеллект бойынша оқу курсының авторы Маржан Ахметова.
Маржанның негізгі мамандығы – мемлекеттік және жергілікті басқару. Әр жылдары жергілікті әкімдік аппаратында, білім саласында еңбек еткен. Кейін цифрлық маркетингке қызығушылық танытып, 2021 жылдан бастап SMM маманы әрі таргетолог ретінде жұмыс істейді. Контент өндірісінде жасанды интеллекттің мүмкіндігін күнделікті тәжірибеде көрген ол жаңа технологияны терең меңгеруге бел буады. Маржанның бұл бастамасын алғашқылардың бірі болып Еркебұлан Ахметов қолдайды.
– Жасанды интеллект мен үшін жай ғана қызығушылық емес, кәсіби қажеттілік болды. Бұл технология менің жұмысымды жаңа деңгейге шығарды. Ең бастысы – тоқтап қалмай, күн сайын іздену керек. Өйткені бұл сала өте жылдам дамып келеді, – дейді Маржан Ахметова.
Алғашқы тапсырыстары мектептерден түскен. Түрлі байқауларға арналған бір-екі минуттық анимациялық бейнероликтерде балалар тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер қозғалды. Үнемшілдікке баулу, интернеттің бала психологиясына әсері, буллингтің алдын алу, ерекше балаларды қоғамға бейімдеу секілді тақырыптар қысқа әрі түсінікті форматта ұсынылды. Мұндай жұмыстардың тәрбиелік мәні жоғары болғандықтан, білім беру ұйымдары тарапынан сұраныс арта түскен. Шығармашылық ізденіс нәтижесінде әдеби шығармаларды жаңа технология арқылы насихаттау бағытында да бірқатар жобалар жүзеге асқан. Соның ішінде жазушы Шерхан Мұртазаның «Қара маржан» романының он эпизодын анимациялық форматқа бейімдеу ерекше орын алады. Кейіпкердің айтуынша, бұл жоба шығармашылық тұрғыдан күрделі болғанымен, үлкен тәжірибе сыйлаған. Тапсырыс берушілер де жұмыстың нәтижесіне жоғары баға берген.
Уақыт өте келе тапсырыс көлемі көбейіп, жалғыз адамның еңбегі жеткіліксіз бола бастайды. Бүгінде Маржан Ахметова бес адамнан тұратын шығармашылық топқа жетекшілік етеді. Команда құрамында сценарист әрі промпт-инженер, визуализатор, аниматор, монтажер және оператор-консультант бар. Барлығы онлайн форматта жұмыс істейді. Бұл – цифрлық технологиялардың жаңа жұмыс орындарының пайда болуына да ықпал етіп отырғанының бір көрінісі.
Маржан бір кезеңде 170 мыңға жуық оқырманы бар «Quranga Qyzmet» қорының AI-креаторы ретінде қызмет атқарған. Кейін жеке жобасын дамытуға басымдық беріп, толықтай өз кәсібіне бет бұрады. Қазір Zoom платформасы арқылы жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйретіп, бірнеше адамды оқытып жүр. Сонымен бірге Ресейдің жетекші мамандарынан білім алып, кәсіби біліктілігін тұрақты жетілдіруде.
– Кеше ғана тиімді болған әдіс бүгін ескіруі мүмкін. Сондықтан бұл салада үздіксіз оқу – табыстың басты шарты. Жасанды интеллект бәрін өзі жасап береді деген түсінік қате. Нәтиженің сапасы адамның идеясына, талғамына және ізденісіне байланысты, – дейді ол.
Жас маманның алдағы жоспары да ауқымды. Ол жасанды интеллект көмегімен деректі және қысқаметражды фильмдер түсіруді, сондай-ақ қазақ тіліндегі қысқа сериалдарға арналған арнайы платформаны іске қосуды көздейді. Оның пікірінше, бұл ұлттық контенттің дамуына жаңа серпін береді. Бүгінде жасанды интеллект – уақыт талабы. Оны игеріп қана қоймай, қоғам игілігіне бағыттап жүрген жастардың еңбегі Президент айқындаған цифрлық даму бағытының нақты нәтижесін көрсетеді. Маржан Ахметованың тәжірибесі жаңа технологияны меңгерудің үлкен қаржыдан емес, үздіксіз ізденіс пен еңбекқорлықтан басталатынын дәлелдейді.
Автор: Бажақай Гүлжауһар Темірханқызы
Статья сгенерирована mock vLLM для проверки всех пяти этапов SST→BM.
Дополнительный абзац для достижения минимальной длины контента и SEO-блока.
Ещё один раздел про маршруты, ориентиры и планирование поездки на выходные.
Заключение: проверка публикации, экспорта в BacklinkMonitor и аудита ссылок.


Статья сгенерирована mock vLLM для проверки всех пяти этапов SST→BM.
Дополнительный абзац для достижения минимальной длины контента и SEO-блока.
Ещё один раздел про маршруты, ориентиры и планирование поездки на выходные.
Заключение: проверка публикации, экспорта в BacklinkMonitor и аудита ссылок.


Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте өңірдегі шомылу маусымының өту барысы талқыланды. Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ералы Ақылбековтің айтуынша, су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Қазіргі таңда облыс аумағында шомылуға рұқсат етілген 12 орын белгіленген. Бұл аумақтарда тәулік бойы 6 стационарлық және […]]]>
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте өңірдегі шомылу маусымының өту барысы талқыланды.

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ералы Ақылбековтің айтуынша, су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық жұмыстар жүйелі жүргізілуде.
Қазіргі таңда облыс аумағында шомылуға рұқсат етілген 12 орын белгіленген. Бұл аумақтарда тәулік бойы 6 стационарлық және 6 мобильді құтқару жасағы кезекшілік етеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 21 құтқарушы, 8 жүзу құралы мен 8 арнайы техника жұмылдырылған.
Шомылу орындарында қызмет атқаратын 12 құтқарушы алғашқы медициналық көмек көрсету және суда құтқару бойынша 40 сағаттық арнайы даярлықтан өткен.
16-19 маусым аралығында облыстағы 7 жазғы сауықтыру лагерінде кешенді профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, 2 400 оқушы қамтылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпкерлердің қолдауымен 1000-нан астам бала жүзуді үйренді.
Шомылу маусымы басталғалы Төтенше жағдайлар департаменті, полиция және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп 621 рейд өткізді. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364, 412, 440 және 582-баптарына сәйкес 704 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кеңес барысында облыс әкімі шомылу маусымындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – ерекше назарды талап ететін маңызды міндет екенін атап өтті. Оның айтуынша, профилактикалық жұмыстардың сапасы, мемлекеттік органдардың өзара үйлесімді іс-қимылы және қабылданған шаралардың тиімділігі шешуші рөл атқарады.
– Жеке тұрғын үйлердегі бассейндер де назардан тыс қалмауы тиіс. Балалардың қауіпсіздігі – бәрінен маңызды. Барлық мүмкіндікті тиімді пайдаланып, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіңіздер, – деді Ербол Қарашөкеев.
Кеңес қорытындысында жауапты мекемелерге шомылу маусымы аяқталғанға дейін рұқсат етілген су айдындарында қауіпсіздік талаптарының сақталуын қатаң бақылау, стационарлық және мобильді құтқару жасақтарының тәулік бойғы кезекшілігін күшейту, су айдындарын үздіксіз патрульдеу тапсырылды.
Сондай-ақ аптап ыстық күндері демалушылар санының артуын ескере отырып, құтқарушылардың, жүзу құралдарының және арнайы техниканың жеткілікті болуын қамтамасыз ету, қажет болған жағдайда қосымша күштер мен техниканы тарту міндеті жүктелді.
Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарға рұқсат етілген және тыйым салынған шомылу орындары, балаларды қараусыз қалдырмау, алкогольдік ішімдіктерді тұтынудың қауіптілігі және судағы қауіпсіздік мәдениеті жөнінде кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.
Жамбыл облысының әкімдігі
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиынға облысқа жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров қатысты. Штаб отырысын ашқан Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысының инвестиция тарту, экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту және өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында облыста жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. […]]]>
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті.

Жиынға облысқа жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров қатысты.
Штаб отырысын ашқан Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысының инвестиция тарту, экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту және өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында облыста жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, инвестициялық ахуалды жақсарту, инвесторларға қолайлы жағдай жасау, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және жобаларды сүйемелдеу бағытында нақты шаралар қабылдануда.
Бүгінде Жамбыл облысы инвестиция тарту қарқыны бойынша еліміздегі көшбасшы өңірлердің біріне айналды. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында аймаққа 505,9 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59,2 пайызға артқан.

Қазіргі таңда облыстың инвестициялық қоржынында жалпы құны 5,6 трлн теңгені құрайтын, шамамен 20 мың жаңа жұмыс орнын ашуды көздейтін 116 жоба бар.
2025 жылдың қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялар өсімінің қарқыны жөнінен республикада бірінші орынға шықты. Жоспарланған 86 млн АҚШ долларының орнына 289,7 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, жоспар 3,4 есеге орындалды.
Сонымен қатар өткен жылы өңір тарихында алғаш рет өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 трлн теңгеден асып, облыс республиканың серпінді индустриялық өңірлерінің біріне айналды. Ал биылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша еліміздің өңдеу өнеркәсібіне салынған әрбір төртінші теңге облыстың үлесіне тиесілі болды.
Өз кезегінде Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Жамбыл облысының инвестициялық әлеуеті жоғары екеніне назар аударды.
– Жамбыл облысы минералдық-шикізат қоры мол, еліміздің химия өнеркәсібінің негізгі орталықтарының бірі саналады. Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешенде елеулі артықшылықтарға ие өңір өңдеу өнеркәсібін, жаңартылатын энергетиканы және көлік-логистикалық әлеуетті белсенді дамытып келеді.
Облыстың инвестициялық саясаты минералдық және ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуді дамытуға, химия кластерін кеңейтуге, металлургияны, заманауи агроөнеркәсіптік өндірістерді, энергетиканы және экспортқа бағытталған өндірістерді дамытуға бағытталуы тиіс. Инвесторларға тек шикізат көзін ғана емес, инженерлік инфрақұрылымы дайын, бизнесті жүргізудің ашық шарттары қалыптасқан әрі жобаларды кешенді сүйемелдеу қамтамасыз етілген инвестициялық алаңдарды ұсынудың маңызы зор.
Ортақ міндетіміз – инвесторлар үшін түсінікті, ашық әрі қолайлы бизнес ортасын қалыптастыру. Жобалардың уақытылы жүзеге асуы, жаңа өндірістердің іске қосылуы және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығының артуы мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы тиімді ынтымақтастыққа тікелей байланысты. Үкіметтің, облыс әкімдігінің, дипломатиялық қызметтің және кәсіпкерлердің бірлескен жұмысының нәтижесінде Жамбыл облысы инвестициялық өсімнің жоғары қарқынын сақтап, еліміздің жетекші индустриялық өңірлерінің бірі ретіндегі орнын нығайтады деп сенемін, – деді Әлібек Қуантыров.
Штаб отырысында үш ірі инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысы, туындаған мәселелер және оларды шешу жолдары қаралды. Инвесторлар жобалар бойынша бейнебайланыс арқылы баяндама жасады.
Атап айтқанда, «For You Energy» ЖШС электр энергиясын өндіре отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кешен салуды жоспарлап отыр. Құны 72 млрд теңге болатын жоба тәулігіне 900 тонна қоқыс өңдеп, 15 МВт электр энергиясын өндіреді. Жоба аясында 200 жаңа жұмыс орны ашылады.
Ал «Great Sky» ЖШС жоғары энергетикалық материалдар өндіретін өнеркәсіптік кешен салуды көздейді. Құны 470 млрд теңгені құрайтын жобаның өндірістік қуаттылығы жылына 2 400 тонна оқ-дәрі мен 2 700 тонна тротил өндіруге мүмкіндік береді. Кәсіпорында 1 500 адам жұмыспен қамтылады.
Сондай-ақ «Harvest Group SA» ЖШС жайылымдық және тыңайған жерлерді суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарына айналдыру бағытындағы агроиндустриялық кластерді жүзеге асырады. Құны 94 млрд теңге болатын жоба 41 мың гектар аумақты қамтып, мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруды көздейді.
Жиын қорытындысында инвесторлар көтерген мәселелер назарға алынып, оларды шешу бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Жамбыл облысының әкімдігі