«Жүрегі жүз жыл жырлаған»

0 427

Бүгін, артына мол мұра қалдырған, қазақ халқының байтақ сөз өнерінің кенішті саласын құраған сөз сазгері, жыр алыбы Ж.Жабаевтың 175 жылдығына орай «ЖҮРЕГІ ЖҮЗ ЖЫЛ ЖЫРЛАҒАН» атты аудандық жас ақындар мүшәйрасы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Аудан тұрғындары арасынан ақындық қасиеті бар талантты жастарды анықтау, мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, дамыту, көркейту.
Байқау нәтижесі: Қызыларық ауылдық округі #25 «Ақтөбе» тірек мектебінің оқушысы САРСЕН ЖАСБОЛ БАС ЖҮЛДЕ дәрежелі дипломымен, Жетітөбе ауылдық округі, #21 Д.Пахомов орта мектебінің оқушысы КЕМЕЛБЕК РАШИД І дәрежелі, Күреңбел ауылдық округі, #10 «Күреңбел» орта мектебінің оқушысы ӘБЗЕЛБЕК НҰРШАТ ІІ дәрежелі, Б.Момышұлы ауылындағы #1 мектеп-гимназиясының оқушысы НАСЫРЫЛА НҰРДАСТАН ІІІ дәрежелі дипломдарымен, бөлімнің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.