Жолаушылар пойызы тоғыз адамды қағып кетті

0 292

Қытайда жолаушылар пойызы теміржолда тоғыз жұмысшыны қағып кетті.

Оқиға Ганьсу провинциясының Цзиньчан уезі аумағында болды. Жолаушылар пойызы теміржолдағы жұмысшыларды қағып кеткен, алдын ала мәліметке сәйкес, тоғыз адам көз жұмды.

Төтенше жағдайдың мән-жайы әзірге белгісіз. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, ТЖ себептері анықталуда. Басылым ақпаратынша, пойыз Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданының әкімшілік орталығы — Үрімші қаласынан Ханчжоуға (Чжэцзян провинциясы) бет алған.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда, төтенше жағдайдың себептері анықталып жатыр.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.