Жоғалған ер адамның мәйітін көпірден өтіп бара жатқандар тапты

0 353
Семейде 10 мамырда жоғалып кеткен Арман Мұхалиевтің денесі табылды.

Оны полицейлер, туыстары, еріктілер іздестірген. Бірақ таба алмаған.

Кейіннен шамамен кешкі сағат 19.30-да Ертіс өзендегі көпірден өтіп бара жатқан адамдар ер адамның денесін тауып алған.
«Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сараптама жүргізіледі», – дейді полицейлер.
Бұған дейін құтқарушылар келгенше, суға батып кеткен баланы алып шыққан ауыл тұрғындары туралы жазған болатынбыз.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.