Желіде ағаш басындағы мас ер адамның видеосы тұрғындардың күлкісін келтірді

0 275

Алматыда мас ер адамды ағаштың басынан түсірмек болған сәт видеоға түсірілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жаряиланды. Кадрлардан полицейдің ағашқа шығып, тұрғынды қалай түсіруге тырысқанын көруге болады. Алайда мас ер адам қарсыласып, полицейдің нұсқауына көнбей қойған.

Желіде жарияланған видео қолданушылар арасында күлкіге айналды.

«Ол көгершіндермен дауласқан тәрізді. Бұрын ағаштан мысықтарды түсіретін еді, қазір — мас адамдарды. Адам кері дамып жатыр: адамнан маймылға. Қызық, көктем біткен сияқты еді ғой. Бұрынғы Маугли енді жоқ «, — деп оқырмандар пікір қалдырып жатыр.

Алматы ПД баспасөз қызметі ақпаратына сүйенсек, 3 маусымда Әуезов ауданы ПБ кезекші бөліміне 3-ықшамаудандағы 20-үйдің жанында белгісіз ер адам мас күйде жүргені туралы қоңырау түскен.

«Оқиға орнында учаскелік инспекторлар ақпаратты растады. Бірақ ер адам ағаштың үсітінде отырған. Оның жеке басы бірден анықталды. Ол — 1972 жылы туған қала тұрғыны. Мас адам бірнеше рет секіріп кетуге тырысқан. Учаскелік инспектор, полиция капитаны әділет Шегебаев жейдесін шешіп, ағашқа шығып, ер адамды ұстады. Осы сәтте бірнеше адам төменде құтқару брезентін жайып ұстап тұрды. Ер адам соған құлады», — деді Әуезов аудандық ПБ бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілхайыр.

Ер адам наркологиялық сот сараптамасын жасауға жіберіліп, онда оның мас екені ресми түрде расталды. Әрі қарай айыпталушы полицияға жеткізілген.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.