Жедел жәрдем көлігінің дауыс зорайтқышымен ән айтқан ер адамды жауапқа тартты

0 165

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицейлер тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде, оқиғаның Түркістан қаласы Б. Саттарханов даңғылында 30 сәуір күні түнгі сағат 02.00 шамасында болғанын анықтады.

Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Арыстан Түркістан қаласына жедел жәрдем көлігімен ем алған адамды алып келген. Содан кейін қайтып бара жатқан уақытта көліктің дауыс зорайтқышы арқылы ән айтып, түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзған.

Түркістан ҚПБ полицейлері жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабының 1-бөлігі «Тыныштықты бұзу» бойынша хаттама толтырды. Ер адам ішімдік ішпеген. Ол өз кінәсін мойындады.

Алдағы уақытта мұндай жағдайды қайталамау үшін полицейлер түсіндіру жұмысын жүргізді.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.