«Жасылелдіктер» Жаңатасты гүлдендіруге атсалысуда

0 400

«Жасыл ел» – тұңғыш елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы негізінде 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама.
Жастар – ұлт келешегі, қоғам айнасы. Оларға қарап ертеңгі күн­нің, болашақтағы қоғамның қандай болатынын болжаймыз. Со­ндық­тан да олардың қызығушылығын қоғам игілігіне қарай бұру дұрыс дүние.
«Жасыл ел» еңбек жасағы жобасында Жаңатас қаласында да аудан жастары қаламызды гүлдендіру мен көгалдандыруға ат салысып келеді.
Жаңарған Жаңатасымыздың айнасы- тазалығында екенін ұмытпаған жөн. Ағымдағы жылдың 1- наурызынан бастап аудан тазалығына ат салысып келе жатқан жастарға рақмет, ары қарайда қала көрінісінің әдемілене түсуіне еңбек ете берсін деп тілейміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.