Жастар – мемлекеттің қозғаушы күші

0 84

Қазақстанның жаңа дәуірінде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіздік арқылы ұлы мақсаттарды өзінің алдына ұлы халық  қана қоя алатындығын уақыт көрсетті. Ел Президенті Қ.Тоқаев Тəуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысында «Айтулы мереке кезінде атқарылатын шаралардың дені жастарға арналуы керек», — деді.

Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Қазақстанның жастары – ең жігерлі, алдына мақсат қоя білетін өршіл жастар. Ел болашағы саналатын жастарға үлкен үміт артылып отыр. Қазіргі таңда жас толқынға барынша қамқорлық жасалып, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Қазіргі кезде тың идеяларды жүзеге асыратын, түрлі мемлекеттік бағдарламаларға белсене  қатысатын жастар қатары қалыңдай түсуде. Сондықтан аудан жастары да ел игілігіне қызмет ететін игі істердің көшбасында жүріп, белсенділік танытатындығына сенімдіміз.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты мақаласында: “Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу.

ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс”, — деді. Елдің қуаты — білім мен ғылымда. Сондықтан жас буын өкілдері  сапалы білім, саналы тәрбиемен қаруланып, тәуелсіздікті тұғырлы етуге үлестерін қосатын болады.

Бүгінгі күн – бәсекелестік заманы. Біз де заман үрдісінен тыс қалмай, алға қойылған міндеттер қаншалықты қиын болса да, еліміздің мәртебесін биіктету жолында қажырлылықпен еңбек ете беретін боламыз.

Нұржан ЕСІРГЕНОВ,

Байзақ ауданы, “Жастар ресурстық орталығы” жастарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.