Жас жұбайлар карантин ережелерін «бұзбау» үшін ұшақты жалға алып, той жасаған

0 229

Үндістанда жас жұбайлар той жасау шектеулерді айналып өтудің амалын тапты

Үндістанның Тамил Наду штатындағы жас жұбайлар үйлену тойын өткізу үшін бір ұшақты жалға алды. Мерекеге 160 адам қатысқан. Осылайша, жұп үйлену тойына 50-ден астам қонақ шақыруға болмайды деген шектеуден жол тапқан.

Ұшақ аспанда ұзақ, екі сағат қалықтап жүрген. Барлық салт-жоралғы рәсімдері жасалып біткен соң ғана жерге қонған.

Үндістанның авиациялық басқармасы бұл оқиғаны зерттеп жатыр. Сол күні кезекші болған қызметкерлер жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді. Ал жолаушылар өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін әрекеті үшін жазалануы мүмкін.

STAN.KZ

Leave A Reply

Your email address will not be published.