Жәрмеңкеге жұрт риза

0 174

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру-бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай әр аптаның сенбі күні облыс орталығында  жәрмеңке өткізу дәстүрге айналған болатын.  Бұл жолы жәрмеңкеге Сарысу ауданының тауар өндірушілері өз өнімдерін қала тұрғындарына арзан бағада ұсынды.

Тараз қаласында өткен жәрмеңкеге ауданнан 400 келі жылқы , 300 келі сиыр, 500 келі қой еті жеткізілді. Сөрелерге  200 кг сүт өнімдері қойылды.  Нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада саудаланған өнімдерді сатып алушылардың да қарасы қалың болды

-Жәрмеңкеге ауылдың таза табиғи өнімдерін сатып алу үшін келемін. Бағасы да қолжетімді. Барлығына алғыс айтамын,-дейді қала тұрғыны Гүлімшат Батырхан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.